«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тазалыққа баулиды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан универси­те­тінің 100-ден астам студенті “Таза бейсенбі” акциясына қа­ты­сып, аллея және жатақхана маңын күл-қоқыстан тазартты.

Ұйымдастырушылардың ай­туын­ша, “Таза Қазақстан” жал­пы­­ұлттық жобасы аясында өтіп жат­қан мұндай іс-шаралар сту­денттер арасында достық қа­рым-қаты­нас­ты нығайтады.

– “Таза бейсенбі” акциясына елі­­не жанашыр әр азамат қаты­са алады. Әр жерге қоқыс лақ­тырмай, өзіміз білім алып жат­қан ошақтың таза болуына атсалысайық дегім ке­леді, – деді “AMANAT” партиясы­ның “Бола­шақ” филиалының атқа­ру­шы хат­шысы Александр Зель.

Жалпы “Таза бейсенбі” ак­ция­­сы барлық өңірде маусым айы­нан бастап өтіп жатыр. Оған елі­мізге, жерімізге бейжай қара­майтын тұр­ғындар қатысуда. Бел­сенді еріктілер адам көп жи­налатын және демалатын жер­лерді, елді мекен аумақтарын күл-қоқыстан тазартып, ескерт­кіштерге күтім жасауда.

Айта кету керек, облыста акция басталғалы 120 тонна­дан астам қоқыс жиналған.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp