М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 100-ден астам студенті “Таза бейсенбі” акциясына қатысып, аллея және жатақхана маңын күл-қоқыстан тазартты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, “Таза Қазақстан” жалпыұлттық жобасы аясында өтіп жатқан мұндай іс-шаралар студенттер арасында достық қарым-қатынасты нығайтады.
– “Таза бейсенбі” акциясына еліне жанашыр әр азамат қатыса алады. Әр жерге қоқыс лақтырмай, өзіміз білім алып жатқан ошақтың таза болуына атсалысайық дегім келеді, – деді “AMANAT” партиясының “Болашақ” филиалының атқарушы хатшысы Александр Зель.
Жалпы “Таза бейсенбі” акциясы барлық өңірде маусым айынан бастап өтіп жатыр. Оған елімізге, жерімізге бейжай қарамайтын тұрғындар қатысуда. Белсенді еріктілер адам көп жиналатын және демалатын жерлерді, елді мекен аумақтарын күл-қоқыстан тазартып, ескерткіштерге күтім жасауда.
Айта кету керек, облыста акция басталғалы 120 тоннадан астам қоқыс жиналған.
Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,
“Soltüstık Qazaqstan”.