«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үздік жобаларға – грант

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізде жеке кәсіпкерлерді қолдау бойынша Үкімет қаулы­сы негізінде бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде несиелерге кепіл­дік беру, пайыздық үстемені суб­сидиялау, инженерлік инфраст­рук­тураларды салу, гранттар та­ғайындау сияқты тиімді тетіктер бар. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Қанат Шамшутди­новтың сөзінше, кәсіпкерлерге мемлекеттен берілетін 5 млн. теңгеге дейінгі гранттардың пай­да­сы мол.

– Мемлекеттік гранттар беру байқауының іріктеу кезеңіне кә­сіпкерлер, әлеуметтік кәсіпкер­лік субъектілері қатыса алады. Қатысушылар өздерінің бизнес-жобаларын ұсынуы қажет. Мұн­да­ғы басты талап кәсіпкер өзі сұ­ратқан грант сомасының 20 пайы­зы болатын қаржыны өзі бө­луі қажет. Бұдан бөлек, жеткілік­ті инфраструктураның болуы, қо­сым­ша жұмыс орындарын ашу жағы да ескеріледі. Мемлекеттік гранттарды қаржыландыру жер­гілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Өтініштер түскен­нен кейін комиссия құрылып, лайықты жобалар таңдап алы­на­ды. Биыл басқармаға 4 жоба келіп түсті, – деді Қанат Шам­шутдинов.

Былтыр ұлттық жоба аясын­да отандық кәсіпкерлерге 400 АЕК болатын 9 мың грант беріл­ген. Мұның бәрі 2025 жылға қа­рай елдегі шағын және орта кә­сіпкерлік нысандарының санын арттыру мақсатында жүзеге асы­рылып жатыр.

Бейінді басқарма кәсіпкер­лер үшін 7 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Олардың біра­зын электронды түрде алуға мүмкіндік бар. Қаржылық қызметтерге гранттық қаржылан­дырудан бөлек, субсидиялау, ке­піл­­дік беру, жеңілдетілген несие шаралары да кіреді. Басқармаға өтінішпен келгендердің көбі өз жерле­рінде пайдалы қазбалар­дың бар-жоғын анықтау қызме­тіне жүгінеді екен. Қанат Шам­шутди­новтың сөзінше, жыл ба­сынан бері бұл қызметті 50-ге жуық адам пайдаланған.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp