«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЕНІМДІ АҚТАУ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Nur Otan” партиясының ке­зек­тен тыс съезінде партия атауының “АMANAT” деп өзгерті­луі кездейсоқ емес. Форумда сөй­леген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: “Бұл – еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де айрық­ша мәні бар киелі ұғым. Егемен­дігіміз, елдігіміз бен бірлігіміз, кең-байтақ жеріміз – бізге баба­лардан жеткен аманат. Осы қас­терлі құндылықтарымызды көз­дің қарашығындай сақтап, бола­шаққа мирас етуіміз керек. Мем­лекеттік дәстүр жалғастығы, ұр­пақ сабақтастығы дегеніміз – міне, осы. Халқымыз ешқашан ама­натқа қиянат жасамаған. Пар­тия бұл қағидатты берік ұстана­ды. “Аманат” ата-бабаларымыздың келешек ұрпаққа қалдырған өсиеті деген ұғымды білдіреді. Аманат сөзінің мағынасы терең, халқымыздың тарихы мен мәде­ниетінде ерекше орын алады. Ол бабаларымыздың өсиет ет­кен тәуелсіздіктің мәңгі арман-мұ­раты, қуатты мемлекеттіліктің және жалпыұлттық тұтастықтың, кең-байтақ Отанымыздың құн­дылығы ретінде сипатталады. Біз осы баға жетпес мұрамызды сақтап, нығайтуға тиіспіз. Бұл– біздің аға буын мен өскелең ұр­пақ алдындағы қастерлі боры­шымыз. Сондықтан мен партия­мызды ресми түрде “АMANAT” деп атауды толық қолдаймын”, – дей келіп, озық ой мен әділдік, бірлік пен алға ілгерілеу, ел мүд­десі жо­лында қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан беделді ұйым жұмы­сын жаңғыртудың бірқатар ба­сым бағыттарын айқындап берді. Олар – партия аппараты­ның тиімділігін арттыру, жалпы партиялық бағыт беру, әдісте­мелік және идеологиялық қол­дауды қамтамасыз ету, кадрлар­ды оқы­ту, жүйелік проблемалар­ды тал­дап отыру, сенім мен ын­тымақ­тастыққа негізделген жаңа өзара қарым-қатынас мәдение­тін же­тілдіру. Сонымен қатар аза­мат­тар­мен кері байланысты және осы бағытта қоғамдық қа­былдау­дың әлеуетін барынша кү­шейту­дің маңыздылығына назар ауда­рылды. Нәтижелі жұмыс пен жауап­кершілік, жеделдік пен ашық­тық, сапалық көрсеткіш, би­лік, партия және азаматтық қо­ғам арасында жан-жақты диа­лог­ты орнықтыру қазіргі таңда сая­си ұйымға және оның әрбір мүшесіне қойылып отырған бас­ты талап ретінде атап көрсетілді. Осыған орай, партияны жаңғыр­ту бағдарламасының жоспары әзірле­ніп, қоғамдық қабылдау бөлмелеріне сервистік-бағдарланған тәсіл енгізе бастады. Ша­ғымдар мен сұрауларға монито­ринг жүргізу жүйесі іске қосылды. Партиялық активтің ауылдарға ба­рып, жұртшылықтың өтініш-тілектері мен ұсыныстарына қа­тыс­ты жедел ақпаратттар алу, ше­шім қабылдау тәжірибесі енгі­зілді. Партияны трансформа­ция­лау бойынша алға қойылған стратегиялық міндеттер “AMANAT” партиясының кезек­тен тыс ХХІІІ сьезінде одан әрі кө­рініс тапты. Мемлекет басшысы партия төрағасы лауазымынан босап, ұйым қатарынан шығаты­нын мәлімдеп, саяси тұрғыдан бей­тарап болу айқын ұстанымы еке­нін, бұдан былай саяси үде­рістердің қарқыны мен мазмұны түбегейлі өзгеретінін жеткізді. Партиялық-саяси жүйені жаңғырту басым бағыт екенін, мем­лекеттілікті нығайту және ел бір­лігін бекемдеу ұйымның айрық­ша миссиясы болып қала береті­нін атап көрсетті. Бұдан бөлек, Конституцияға енгізілген өзгеріс­тер мен толықтырулар елдің бү­кіл саяси архитектурасын кешен­ді түрде қайта қарауға, билік тар­мақтары арасындағы тежеу мен тепетеңдіктің неғұрлым теңге­рімді жүйесін құруға бағытталып, қоғамдық-саяси қатынастардың барлық құрылымында батыл өз­герістер жасалды.

“AMANAT” партиясының ау­дандық филиалы сьезде айқын­далған жеті бағытты күнделікті қызметінде басты бағдар етеді. Ал­дын ала дайындалған есеп бе­рушілік, қағаз жүзіндегі іс-шаралар сияқты бюрократиялық теріс сипаттардан арыла отырып, ау­қымды талдамалы жұмыстарға ден қоюдың арқасында халық­пен кері байланыс жақсара түсті. Сайлау алдындағы платформа­ны тиімді іске асыру мақсатында мәслихаттағы фракциялық топ­тың қызметі жандандырылып, тұ­рақты комиссиялармен, үкімет­тік емес ұйымдармен іскерлік қа­рым-қатынас күшейтілді. Жұмыс кестесіне сәйкес жауапты меке­ме басшыларының есептері тың­далып, бюджет қаражатын тиімді жұмсау, әлеуметтік нысандарды уақтылы салу, жолдарды сапалы жөндеу мәселелері басты на­зарға, сайлаушыларға берген уәделер мен проблемалық жағ­дайлар бақылауға алынды. Тұрмысы төмен жалғызілікті зейнет­керлерге, көпбалалы отбасы­ларға көмек қолын созуды басты борыш санаймыз. Мереке күн­дері азық-түлік пакеттері табысталады, еріктілермен бірлесіп ау­лалар тазартылады, басқа да әлеуметтік көмектер көрсеті­леді. Биылғы көктемгі су тасқы­ны ке­зінде барлық қажетті шара­лар қа­былданды, атап айтқанда, гума­нитарлық көмек жинау пункті ұйымдастырылды, су тас­қыны­нан зардап шеккен облыс тұр­ғындарына 6 млн. теңгеден ас­там азық-түлік өнімдері мен киім-кешек, шаруашылықтар есе­бі­нен 20 млн. теңге қаражат жи­налды. Қызылжар ауданының Прибрежное ауылында еріктілер мен құрылысшылар бес ай жұ­мыс істеп, депутаттық корпус мү­шелері күнделікті ыстық ас жет­кізіп отырды. Ауылдық округ әкім­дерімен өткен 31 кездесуде, 9 көшпелі қабылдауда бірқатар мәселелер шешімін тапты.

Партияның 2027 жылға дейінгі сайлауалды бағдарлама­сы ішінде “Жол картасын” толық­қанды түрде жүзеге асыру айрықша маңызды. Өйткені, тұр­ғындарды толғандыратын өзекті мәселелер осы бағдарлама ішінде топтасқандықтан, сапалық көр­сеткіштерге барынша көңіл бө­лініп отыр. Оның аясында жыл аяғына дейін 56 іс-шараны қамту жоспарланса, 18 пайызы толық игеріліп, 82 пайызының орында­луы қатаң бақылауға алынған. Саяси кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары әр тармақ бойынша жауапты ретінде бекітілген. Түрлі ашық алаңдарда, депутат­тық фракция отырыстарында аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы есеп беріп, орын алған олқылықтарды шұ­ғыл түрде жою атап көрсетілді. “Жол картасының” 11 объектісін­де партиялық бақылау бекеттері орнатылған. 3 ауылда медици­налық пункт салу және Смир­но­во кентіне су тарату желісін қай­та жаңарту міндеті тұр. Партия­лық жобаларды іске асыру бо­йынша 920-дан астам адамды қам­титын 47 іс-шара өткізілді. “Кедергісіз келешек” жобасы ая­сында 14 әлеуметтік инфрақұры­лымдық нысанның 11-і қайта құ­рылды. “Бақытты отбасы” жоба­сы аясында 142 аз қамтылған және көпбалалы отбасыдан шық­қан 172 оқушыға көмек берілді. “Жер аманаты” жобасы бойын­ша 1514 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. “Қарыз­сыз қоғам” жобасы шеңберінде 234 адам қаржылық сауаттылық­ты арттыру курстарына тартылды. 11 адам “Ауыл аманаты” бағ­дарламасына қатысып, оларға 25,8 млн.теңге мөлшерінде не­сие рәсімделді.

Президент атап көрсеткен­дей, елімізде “Жаңа Қазақстан­ды” құру жөнінде белгіленген ау­қымды міндеттер дәйекті түрде орындалып келеді. Алда мем­ле­кетіміздің болашақ тағдырын ше­шетін аса маңызды жұмыстар тұр. Бұл орайда, партияға бар­лық реформаға ұйытқы болу көш­басшылығы жүктеліп, ал Мәжіліс пен мәслихаттардағы фракция­лардың жұмысын жаңа арнаға кө­шіру арқылы белгілі нәтижелер­ге қол жеткізуге болады. Соңғы кездері бұл бағытта жаңа үрдіс орнығып, нақты мәселелерге те­рең бойлау қамтамасыз етіле бастады. Аудандық мәслихатта­ғы 10 халық қалаулысының 64 пайызы – депутаттық фракцияға мүше. Оның отырыстарында сай­лау алдындағы бағдарламаны іске асыру, “Жол картасы” пункттерін бекіту, қаржыландыру ке­ңінен талқыланды. Сумен жаб­дықтауды қамтамасыз ету, ауыл­дарды абаттандыру, жолдарды жөндеу, мектеп, шағын футбол алаңдарын салу, оқушыларды дұрыс тамақтандыру, тағы басқа мәселелер бойынша 62 депутат­тық сауал жолданды. Бастауыш партия белсенділері облыстық мәслихат депутаттарымен, тиісті уәкілетті органдар басшыларымен шалғай елді мекендерде ұйымдастырылған қоғамдық қа­былдауларға қатысып, 18 адам­ның өтініш-тілегін зейін қоя тыңдады, мәселелердің шешілуіне барынша ықпал етті. Пайдала­нуға берілетін нысандардың сапалық жағдайын тексеру мақсатында ауылдық округтерге 51 рейд жүргізілді. Мәслихат сес­сияларында, тұрақты комиссия отырыстарында бюджет қаража­тының мақсатты жұмсалуына тұ­рақты бақылау орнатудың нәт­ижесінде заңсыздықтарға жол бе­рілген жоқ. Басқа да норматив­тік-құқықтық актілердің талаптары қатаң сақталды.

Партия мүшелері кез келген істе белсенді, жауапкершілікті бір сәтке босаңсытқан емес. Тікелей шаруашылық саласында еңбек ететін әріптестеріміз мек­тептерге, медициналық мекеме­лерге, мәдениет нысандарына де­меушілік көмек көрсетуді, абат­тандыруға, жол жөндеуге, кө­галдандыруға қаражат салуды, халықтың әлеуметтік осал топ­тарына, тыл еңбеккерлеріне және еңбек ардагерлеріне қайырымдылық көмек беруді басты парыз санайды. Атом электр стан­сасы құрылысы бойынша республикалық референдум өткізу кезеңінде жұдырықтай жұ­мылып, 2 мыңнан астам тұрғынның қатысуымен 101 іс-шара ұйымдастырылды, белсенділер 4,5 мыңнан астам үгіт материал­дарын таратты, 1,7 мыңнан ас­там баспа материалдары орна­ластырылды. Референдум күні 25 сайлау учаскесін 51 бақылау­шы қадағалады. Референдумда сайлаушылардың 64 пайызы өз таңдауын жасады.

Партияның негізі, саяси эле­менті болып табылатын филиал құрамы айтарлықтай жаңарып, жас­тармен толықты. Бүгінде 18 бастауыш ұйымға 1720 адам мүше.

Сәбит МҰҚАНОВ,

“AMANAT” партиясы Аққайың аудандық филиалының атқарушы хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp