«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 05.11.2024

ДАУДЫ ШЕШУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

Ата Заңымыздың 13-бабында былай деп жазылған: “Әркім­нің құқық субъектісі ретінде та­нылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықта­рын, қажетті қорғанысты қоса ал­ғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға ха­қылы. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот ар­қылы қорғалуына құқығы бар. Әр­кімнің білікті заң көмегін алу­ға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін бері­ле­ді”. Бұл конституциялық …

ДАУДЫ ШЕШУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ Read More »

Тағылымды дәрістер

“Ауыл” партиясының ұйымдастыруымен өңірде екі күндік аймақтық семинар өтіп, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары және Астана қаласынан жиналған 120-ға жуық белсенді студент-жастар саяси ұйымның жаңа бағдарламасымен кеңірек танысты. Жиынға қатысушылар “Абы­лай хан резиденциясы” музей-кешені мен об­лыстық тарихи-өлкетану мұ­ражайына барып, он­дағы жәдігерлерді тамашалады. Көкшетау қаласынан келген Ми­лан Сайлаубаева Шо­қан Уәли­ханов атындағы уни­вер­ситеттің үшінші курсында оқи­ды. Сала­мат­ты …

Тағылымды дәрістер Read More »

Алименттен қашқан әкелер

Облыс прокурорының бірінші орынбасары Әбу-Әли Саттардың жетекшілігімен өткен ведомствоаралық кеңесте алимент өндіріп алу мәселесі талқыланды. Статистикаға сүйенсек, 170-тен астам адам балалары үшін міндетті түрде төленуі тиіс 250 млн. теңге қарызын өте­меген. Прокуратура қызметкер­ле­рі биыл алимент төлемеген, бі­рақ букмекерлік кеңселерде бәс тіккен 40 адамды анық­тады. Тіпті бір борышкердің 5 млн.-ға жуық қарызы болған. Ол құмар ойыннан …

Алименттен қашқан әкелер Read More »

ЭЛЕВАТОРЛАРДА ОРЫН ТАПШЫ

Облыстың астық қабылдау кәсіпорындары 6,9 млн. тонна дақыл қабылдауға қауқарлы. Алайда мұның өзі аздық етіп, биыл жиналған бидай-арпа жаңбыр астында қалып, рәсуа болып жатыр. Мол өнім ашық аспан астын­да жатып шіри бастаған. Айыр­тау ауданындағы Светлое елді мекенінің тұрғыны, жеке кәсіп­кер әлеуметтік желіде жазба жа­риялап, Президенттен көмек сұ­рады. “Жиналған астықты қырман­да сақтауға мәжбүрміз. Өйткені жақын маңдағы …

ЭЛЕВАТОРЛАРДА ОРЫН ТАПШЫ Read More »

Орал театрының ойлы қойылымдары

Өңірге гастрольдік сапармен Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ сазды-драма театрының ұжымы келді. Оралдан келген мәртебелі меймандарды жергілікті театр ұжымы сән-салтанатпен күтіп алды. Қызылжар вокзалында театр әртістері ән шырқап, шашу шашып, оралдықтарды тәтті-дәмдісімен қарсы алды. “Қызылжардағы қазақ өнерінің қарашаңырағы – Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры еліміздегі көптеген мәдениет ошақтарымен байланыс орнатқан. Өзге …

Орал театрының ойлы қойылымдары Read More »

ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІ ЗОР

Петропавл қаласында өткен мектепке дейінгі білім беру педагогтарының І халықаралық форумында саладағы өзекті мәселелер талқыланып, даму бағыттары айқындалды. Бұл шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген педагогтармен қатар Ресей мен Беларусь елдерінің өкілдері онлайн қатысты. Форум аясында Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж бен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің қызметкерлері білікті тәрбиеші болуда өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Оқу-ағарту министрлігі мектепке …

ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІ ЗОР Read More »

АСЫҚПА, ЖҮРГІЗУШІ!

Өңір полицейлері “Мамлютка – Қостанай” автожолының 469-шы шақырымындағы Покровка ауылының маңында жол-көлік апаты салдарынан қираған автокөлікті жол шетіне әкеліп орнатты. Осы арқылы тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын, әсіресе аталған учаскеде жылдамдық режімін сақтауға шақырды. Бұл учаске қауіпті болып есептеледі. Мамлют ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Иса Мұстафинның айтуынша, аудан арқылы өтетін жолдардың қауіпті …

АСЫҚПА, ЖҮРГІЗУШІ! Read More »

Қар тазалауға дайын

Тәртіп сақшылары қыс мезгілі қарсаңында 9 мың шақырымнан астам автожолдарды тексерді. Әсіресе жол төсемі мен жол белгілерінің жай-күйі, қардан қорғайтын қалқандарды орнатуға және су өткізгіш құбырларға баса назар аударылды. Сондай-ақ, полицейлер жауапты ұйымдардың дайындығына да көз жеткізді. Арнайы техника саны ұлғайтылды. Республикалық маңызы бар жолдарға қызмет көрсету үшін – 120, облыстық маңызы бар жолдар үшін …

Қар тазалауға дайын Read More »

ҮКІМ ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛДЫ

Облыстық аппеляциялық сот Qnet қаржы пирамидасын құрғандардың апелляциялық шағымын қанағаттандырмады. Осылайша 110 солтүстікқазақстандықты алдаған бес азаматқа шығарылған үкім өзгеріссіз қалды. Биыл тамыз айында Петропавл қалалық соты петропавлдықтарды сан соқтырып, тақырға отырғызып кеткен Еркін Камалиев пен оның қарындасы Райхан Камалиева және Наурызбек Исинді алты жыл жеті айға, ал Әсел Елубаева мен Сансызбай Сыздықовты бес жылға бас …

ҮКІМ ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛДЫ Read More »