«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДАУДЫ ШЕШУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ата Заңымыздың 13-бабында былай деп жазылған: “Әркім­нің құқық субъектісі ретінде та­нылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықта­рын, қажетті қорғанысты қоса ал­ғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға ха­қылы. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот ар­қылы қорғалуына құқығы бар. Әр­кімнің білікті заң көмегін алу­ға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін бері­ле­ді”. Бұл конституциялық нор­ма кез келген азаматтың сот ар­қылы заңға қайшы келмейтін өз құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың әртүрлі тәсілдерін пайдалануына мүмкіндік бере­ді. Сондай тиімді тәсілдің бірі – та­раптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешім­ге қол жеткізілуі мақсатында дау­ды реттейтін медиация. Оның сот талқылауына лайықты ба­ла­ма екені тәжірибеде әбден дә­лелденген. 2011 жылы қабыл­данған “Медиация туралы” Заң елімізде медиацияны ұйымдас­тыру саласындағы қоғамдық қа­тынастарды, оны жүргізу қағи­даттары мен рәсімін реттейді. Ал тараптардың өзара келісімі негізінде таңдалатын тәуелсіз, бейтарап медиатордың басты мақсаты – дауды қанағаттанды­рудың тиімді де қолайлы нұсқа­сын табу, екі жақты келістіру.

Бүгінде медиация азамат­тық, еңбек, отбасылық, әкімші­лік құқықтық қатынастарды қам­ти отырып, әкімшілік, құқық бұ­зушылық іс жүргізу саласында, қылмыстық теріс қылықтар, ауырлығы аз және орташа, тіпті ауыр қылмыстар туралы істер бойынша туындайтын даулар­ды шешуге мүдделілік таныта­ды. Соңғы кездері отбасылық, еңбек, бизнес-медиация, сон­дай-ақ этносаралық қатынастар саласында кеңінен қолданыла бастады. Соған қарағанда, қо­ғамдағы тұрақтылық пен этнос­аралық келісімді қамтамасыз етудегі рөлі де артып келеді де­ген сөз. Этносаралық жанжал­дардың себептері алуан түрлі. Оның әдетте түкке тұрмайтын әлеуметтік-тұрмыстық кикілжің­нен басталып, соңы этносара­лық дау-дамайға айналып жата­тын жайттар кездесіп қалады. Оған осыдан үш-төрт жыл бұ­рын Қордай ауданы мен Пид­жимде орын алған оқиғалардың бастапқыда тұрмыстық текеті­рес көрінгенімен, кейін этнос­аралық сипатқа айналғаны – ай­қын дәлел. Әлеуметтік шиеле­ніске толы мұндай жанжалдар­ды бірреттік келісімдермен рет­теу қиын. Келешекте болдыр­мас үшін, алдын алу үшін мо­ни­то­ринг жасау арқылы себеп-сал­дарын анықтаудың, нақты ша­­ралар белгілеудің маңызы айт­паса да түсінікті. Бұл орай­да, этномәдени ұйымдарды бі­рік­ті­ріп, ортақ мақсатқа бір кісі­дей жұмылдырып отырған Қа­зақстан халқы Ассамблеясына ор­тақ тілде сөйлесу, проблема­лар­ға тікелей араласу, ашық әң­гіме қозғау сияқты үлкен міндет, зор жауапкершілік жүктелетіні сөз­сіз. Осындайда сот істерін қарау барысында қос тарапты мә­­мілестіруші медиациялық рә­сімнің мән-маңызы айқын бай­қалады.

Рәсімді жүргізу шарттары бойынша медиация соттан тыс, соттық және соттағы медиация деп үшке жіктеледі. Соттан тыс медиацияны тек медиаторлар жүргізеді. Өзара түсінбеушілік жайттар орын алған жағдайда та­раптар медиатор қызметіне жү­гінетіні – қалыпты құбылыс. Мұн­дай таңдауда медиация құ­пиялылығымен, қатысудың ерік­тілігімен ғана емес, дербес шешім қабылдауымен ерекше­ленеді. Әдетте ынтымақтастық­ты одан әрі жалғастыруға мүд­делі бизнестегі серіктестер дау-жанжалдың ешкімге жария бол­мауын қалауы, әйтпесе іскерлік беделге теріс әсер етуі ықти­мал. Ал сотта біреуі жеңіп, екін­шісі жеңілсе, жоғары сот инстан­цияларына шағымданса, процесс ұзаққа созылып кетуі мүмкін. Уақыт жағынан ұтыла­ды, жүйке жұқарады. Ал медиа­цияда қол жеткізілген келісім не­гізінде істің одан әрі жалғаспай­тынына толық кепілдік беріледі. Сот іс жүргізуді тоқтатады. Дау реттелген болып танылады және қайта шешуге жатпайды.

Соттық медиацияда татула­су рәсімін судья жүргізеді, оның тәртібі “Медиация туралы” заң­ға, іс жүргізу кодексінің қағида­ларына, Азаматтық іс жүргізу ко­дексінің 179, 180-баптарына не­гізделген. Соттағы медиацияға іс қаралатын соттан дау тарап­та­ры медиаторға келген рәсім жатады. Мұндай жағдайда соттағы іс тоқтатылады және та­раптарға медиация рәсімін ме­диаторда жүргізуге мүмкіндік бе­ріледі. Бұл кезде дауды (жан­жалды) медиация тәртібімен рет­теу туралы келісімді сот тек­середі және бекітеді.

Медиация рәсімінің қызмет түрлерінің ұзақтығы әртүрлі. Соттан тыс медиация тараптар­дың өзара келісімі аясында ме­диация туралы шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік 60 күн­нен аспайтын мерзімде жүргізе­ді. Соттық медиацияға 10 күнге дейін мерзім беріледі. Соттағы медиацияны жүргізу шегі­ – бір ай. Медиацияны жүргізу мерзім­дері рәсімнің мазмұнына және оның нәтижелеріне әсер етуі ық­тимал.

Біздіңше, 10 күндік қысқа мерзім тараптар бір-бірін біл­мейтін, бір реттік дау-жанжал орын алған кезде жеткілікті. Мы­салы, жол-көлік оқиғалары ке­зін­де зиянды өтеу туралы мә­се­лелерді қарау, сатушы мен тұты­нушы арасындағы сапасыз тауарды сатып алу-сату шар­тын бұзу туралы дауларды же­дел­детіп қарауға болады. Кей­де, керісінше жағдай, яғни та­раптар бір-бірін жақсы білуі, жылы ілтипатты қарым-қатынаста болуы мүмкін. Мұндайда өзара уағдаластық ұзақ уақыт­ты қажет етпейді. Бұдан бөлек, тараптардың ұстанымдарына, талаптардың мәніне, ерекше­лі­гіне орай дау-дамайлар күрде­леніп кететіні бар. Сондықтан мәселенің психологиялық негі­зін зерделеу артықтық етпейді.

Тағы да қайталап айтамыз, этносаралық қатынастар сала­сындағы медиация ерекшелік­теріне байланысты құқық қорғау органдарының, кәсіби және қо­ғамдық медиаторлардың, Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясы өкіл­дерінің бірлескен жұмысы мен іс-тәжірибесі ғана нақты нә­тижелерге жетелейді. Ең басты­сы, заңдық рәсімдер кезінде мін­детті қағидаттардың қатаң сақ­талуы (медиация тараптары­ның еріктілігі, тең құқықтылығы, медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптығы, медиация рәсі­мі­не араласуға жол бермеу, құ­пиялылық, іске кедергі келтір­меу, т.б.) шарт. Сонда ғана азаматтардың құқықтары, қоғамда­ғы заң мен тәртіп толық қамта­масыз етіледі.

Инесса КУАНОВА,

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы этномедиация кеңесінің мүшесі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp