«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алименттен қашқан әкелер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс прокурорының бірінші орынбасары Әбу-Әли Саттардың жетекшілігімен өткен ведомствоаралық кеңесте алимент өндіріп алу мәселесі талқыланды.

Статистикаға сүйенсек, 170-тен астам адам балалары үшін міндетті түрде төленуі тиіс 250 млн. теңге қарызын өте­меген.

Прокуратура қызметкер­ле­рі биыл алимент төлемеген, бі­рақ букмекерлік кеңселерде бәс тіккен 40 адамды анық­тады. Тіпті бір борышкердің 5 млн.-ға жуық қарызы болған. Ол құмар ойыннан 21 млн. тең­ге ұтса да, алимент төлеуден сытылып шығуға әрекеттен­ген.

Тегеурінді іс-әрекеттердің нә­тижесінде бәске жақын жандар­дан 63 млн. теңге өндіріп алын­ды. Бұдан былай балаларына алимент төлеуге міндетті адам­дардың құмар ойындарымен ай­на­­лысуына тыйым салынды.

Жыл басынан бері 82 борыш­керге түрлі жаза қолданылды. 71 адам қамауға алынып, 11-не айып­­пұл салынды. 12 адам қыл­мыстық жауапкершілікке тар­тылды.

Облыста алимент алатын ба­лалардың саны 9 мыңға жуық. Жағдай көңіл көншітпейді. Жеке сот орындаушылары борышкер­лерді жауапкершілікке тартудың пәрменді шараларын қарастыра бермейді. Мына бір факті таң­дандырмай қоймайды. Борыш­керлер интернет-қосымшалар ар­­қылы такси қызметінде жұмыс іс­теп, қыруар қаржы тапса да, али­­­мент төлемеген. Мысалы, али­­мент төлеуден жалтарып жүр­ген Н. деген азамат “InDrive” ар­қы­­лы 1 млн.-ға жуық табыс тап­қан. Алайда 555 мың теңге қа­ры­зын өтемеген. Ай сайын өтетін бос жұ­мыс орындары жәрмеңке­сінде қызмет түрлері ұсынылға­ны­мен, алиментшілер тарапы­нан мүд­делілік таныту байқал­майды.

Шал ақын ауданының бір тұр­ғыны 2019 жылдан бері екі ба­ласына алимент төлеуден қа­шып, жасырынып жүрген. Бүгін­де оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, материалдар сот орын­даушыларына жіберілді.

Жиында мүдделі органдар­мен өзекті мәселелерді бірлесе шешу жолдары белгіленді.

Аида БАБАСОВА,

облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp