«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тағылымды дәрістер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Ауыл” партиясының ұйымдастыруымен өңірде екі күндік аймақтық семинар өтіп, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары және Астана қаласынан жиналған 120-ға жуық белсенді студент-жастар саяси ұйымның жаңа бағдарламасымен кеңірек танысты.

Жиынға қатысушылар “Абы­лай хан резиденциясы” музей-кешені мен об­лыстық тарихи-өлкетану мұ­ражайына барып, он­дағы жәдігерлерді тамашалады. Көкшетау қаласынан келген Ми­лан Сайлаубаева Шо­қан Уәли­ханов атындағы уни­вер­ситеттің үшінші курсында оқи­ды. Сала­мат­ты өмір салтын ұс­та­натын болашақ математик мұн­­дай бас­қосулардың жастардың сая­сат­қа, мәдениетке, басқа да са­ла­ларға деген ерен қызы­ғу­шы­лы­ғын арттыратынын жет­кіз­ді.

Форумның ашылу рәсіміне Парламент Мәжілісінің депута­ты Николай Арсютин, “Ауыл” партиясы орталық аппарат бас­шысы Қуаныш Сейтжанов қаты­сып, жүрекжарды лебіздерін ар­нады.

Студенттер үшін әртүрлі та­қырып бойынша бірнеше ше­бер­лік сыныптары мен дәрістер өткізіліп, жастар тайм-менеджментті дұ­рыс ұйымдастыру, қар­жылық сауаттылық және әлеу­меттік дағдылар мен медиаре­сурстар­ды игеру мәселелері жө­нінде мол мағлұмат алды.

Семинардың маңызды мін­деттерінің бірі – халықтың қар­жылық сауаттылығын арттыру. Атап айтқанда, семинарда ин­тернет-алаяқтықтан қорғаудың қаржылық модельдері мен әдіс­тері талқыланды. Бұл қазір өте өзекті. Осыған орай жиналған қауымға “Қарызсыз қоғам”, “Қаржылық сауаттылық” тақы­рыбы бойынша баяндамалар оқылып, Қазақстанда баламасы жоқ бірегей жоба – жүн-тері өң­деу өнеркәсібінің озық техно­логиялары таныстырылды.

Бұдан кейін партияның жер­гілікті филиалдарының белсен­ділері секцияларға бөлініп, ме­диаресурстармен табысты жұ­мыс істеу алгоритмдері, кәсіп­кер­лікті дамыту үрдістері, тағы басқа өзекті проблемалар қам­тылған дәрістерді тыңдады.

Аймақтық семинар аясында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде, Пет­ропавл құрылыс-экономикалық колледжінде өткен кездесулерде Қуаныш Сейтжанов партияның алдағы іс-қимыл жоспарларын ортаға салып, “Жастар жасақ­тары”, “Ауладан – дастарқанға”, “Қазхаб” жобалары жайлы ақпа­рат­тармен бөлісті.

Жастар құрылыс жасақтары­ның белсенділеріне “Ауыл “пар­тия­сының төрағасы, Мәжіліс де­пу­таты, Аграрлық мәселелер жө­ніндегі комитеттің жетекшісі Се­рік Егізбаев пен Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарла­паевтың Алғыс хаттары салта­натты түрде табыс етілді.

Форумда “Ауыл” партиясы та­ғылымы мол осындай кездесу­лер мен семинарларды жүйелі түр­де өткізіп, бұл жұмыстар өңір­аралық байланыстарды нығайту тетігі ретінде жетілдіре беретіні ай­тылды.

Әлфараби МЫҢБАЙ,

“Ауыл” партиясы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша “Ауыл” жастар қанатының төрағасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp