«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭЛЕВАТОРЛАРДА ОРЫН ТАПШЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстың астық қабылдау кәсіпорындары 6,9 млн. тонна дақыл қабылдауға қауқарлы. Алайда мұның өзі аздық етіп, биыл жиналған бидай-арпа жаңбыр астында қалып, рәсуа болып жатыр.

Мол өнім ашық аспан астын­да жатып шіри бастаған. Айыр­тау ауданындағы Светлое елді мекенінің тұрғыны, жеке кәсіп­кер әлеуметтік желіде жазба жа­риялап, Президенттен көмек сұ­рады.

“Жиналған астықты қырман­да сақтауға мәжбүрміз. Өйткені жақын маңдағы элеваторлар­дың барлығы толық, бидайды қа­былдамайды. Мамандар “ас­тық­ты артатын вагондар жоқ” дей­ді. Бұл жағдай былтыр да қай­таланған еді. Жинап алған ас­тықты былтыр да дұрыс іске жа­рата алмадық. Бұл мәселе неге жыл сайын жүйелі түрде қайталанады? Күзгі орақ бастал­ғанда вагондардан көз жа­зып қаламыз. Элеваторлар бір­ден толып қалады. Жақсы өнім алған жылы осы жағдай үнемі қайталанады. Мәселені шешуге көмектесуіңізді сұраймыз”, – дейді кәсіпкер.

Оның айтуынша, жағдай күр­делі. Өйткені кредиторлар да жан-жақтан қарызды қайтаруды сұрап жатқан көрінеді.

Облыстық ауыл шаруашы­лы­ғы басқармасының мәліме­тін­ше, өңірде астықты сақтау үшін сыйымдылығы 3,2 млн. тон­на болатын 46 элеватор, со­нымен қатар агроқұрылымдарда сыйымдылығы 3,7 млн. тон­на астық сақтау қоймалары бар. Яғни, облыс бойынша жалпы сыйымдылық 6,9 млн. тоннаны құрайды.

“Биыл өңір диқандары жақсы өнім алды. Өткен жылдардан қал­ған 1,5 млн. тоннаға жуық ас­тық, соның ішінде 800 мың тон­насы элеваторларда жатқандық­тан, дәнді дақылды қабылдап, сақ­тау ісіне түзету енгізілді. Қазір 46 элеваторда 2 млн. тонна би­дай бар, оның 541,8 мың тон­насы Азық-түлік корпорациясы­на тиесілі. Яғни 65 пайызға то­лық. Кейбір элеваторлар шаруа­шы­лықтардан жаңа астық пар­тияларын қабылдауды тоқтатты, өйткені дақылдардың сапасы, ылғалдылығы әртүрлі. Толты­рылған элеваторлар астықты жө­нелтуіне, босатылуына қарай қа­былдайды. Мысалы, 1,5 мың тон­наны жөнелтсе, тиісінше 1,5 мың тоннаны қабылдайды”, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орын­басары Жалғас Сүлейменов.

Маманның айтуынша, эле­ваторлардағы жағдай күн сайын өзгеріп отырады. Облыстың ас­тық қабылдау орындары бір күн­де шамамен 150-160 мың тонна астықты қабылдай алады. Тимирязев, Ақжар, Ғабит Мүсірепов атындағы, Аққайың және Петро­павл элеваторла­ры қазір алтын дәнді еркін қа­былдап жатыр.

Ал Айыртау ауданы бойынша бүгінде лицензияланған 5 астық қабылдау пункті бар. Соның ішін­де “Уголки” жауапкершілігі шек­теулі серіктестігі 4 қараша күні 2 мың тонна арпа, “Баянтай” жауапкершілігі шектеулі серік­тес­тігі 2,5 мың тонна арпа қабыл­даған. Ауданның қалған элева­торлары толық, бидайдың жөнел­тілуін күтіп отыр.

“Элеваторлар астықты тап­сыру бойынша ауыл шаруашы­лығы тауарын өндірушілермен үнемі байланыста, кезектерді, кептелістерді болдырмау мақса­тында бидайды қабылдау бойынша кесте әзірленді”, – дейді Жалғас Сүлейменов.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp