Тәртіп сақшылары қыс мезгілі қарсаңында 9 мың шақырымнан астам автожолдарды тексерді. Әсіресе жол төсемі мен жол белгілерінің жай-күйі, қардан қорғайтын қалқандарды орнатуға және су өткізгіш құбырларға баса назар аударылды.
Сондай-ақ, полицейлер жауапты ұйымдардың дайындығына да көз жеткізді. Арнайы техника саны ұлғайтылды. Республикалық маңызы бар жолдарға қызмет көрсету үшін – 120, облыстық маңызы бар жолдар үшін – 108, аудандық маңызы бар жолдар үшін 100 қар тазалау техникасы дайындалды. Мердігер ұйымдар құм-тұз қоспасын және химиялық реагент әзірледі.
“qyzyljarnews.kz”.