«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Тесік қалта” синдромы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Аз болсын, көп болсын, тапқан ақшаны сауатты жұмсау үшін, барлық қажеттілікке жеткізу үшін, одан қалды қор жинақтау үшін сізге қайсысы ыңғайлы: қолма-қол қағаз ақша ма, әлде электронды ақшалар ма? Соны нақтылап алыңыз! Яғни картшотта жатқан, әртүрлі құрылғы арқылы (банкомат, pos-терминалдар немесе әртүрлі мобильдік қосым­ша арқылы) қол жеткізуге және басқаруға мүмкіндік беретін онлайн ақша ыңғайлы ма?

Кей адамдарға банкомат ар­қы­лы барлық ақшасын шешіп алып, қағаз ақша­ны шытырла­тып қолына жинап, тиын-те­бенді сылдырлатып уысына ұстап жү­ріп жұм­саған ұнайтындай. Өйт­кені қолдағы ақша үнемдеуге жақсы, көз алдымда жүрсе көпке жетеді, қателеспеуге де кепіл деп ойлайтындар табылады. Он­дай адамдар үшін электронды ақша әлі де ақша еместей кө­рініп, тез жұмсалып кететін тә­різ­ді, есебін де жөнді біле ал­майсың деп жазғырады. Ал кей­біреу керісінше, қолына қағаз ақша мен монеталарды көптен бері ұстап көрмегендер. Енді бі­реулері үшін тек қана қолма-қол ақша емес, тіпті банктік тө­лем карточкалардың өзін қол­данба­ға­нына да талай уақыт болған…

Ақшаның қай түрін қолданса­ңыз да, қазіргі өзекті тақырып­тардың бірі – отбасы­лық бюд­жетті басқару. Ол тек қана өзекті емес, өмірге қажетті және жанды тақырып. Олай дейтініміз, мұны мектепте және т.б. оқу орын­дарында әдейілеп барлық ма­ман иелеріне ешкім оқытпайды.

Отбасылық бюджет дегені­міз – белгілі бір уақыт ішінде (мысалы, бір айдың ішін­де) отба­сының барлық мүшесінің мүм­кін­шіліктерін сипаттайтын та­быс­тары мен шығындарының және жинақтарының жоспары.

Кейбір жасалған қаржылық талдау кезінде жүргізілген сауалнамалардың қорытынды­сы бойынша сұраққа жауап бер­гендердің 49 пайызы ешқандай бюд­жет, яғни қаржылық отбасы­лық есеп жүргізбейді екен. Ал қалған 51 пайызының жартысы арнайы жазбаса да, ойша есеп­теп, сан­дық банкингтің құрылғы­ла­рындағы жазба­ларды (қосым­ша­лардағы чектер бойынша) еске түсіріп, жалпылама ғана есеп­тей­ді екен. 12 пайызы ғана әдейілеп дәптерге жазып оты­рып, табыс­тары мен шығында­рын бақы­лайтын көрінеді.

“Көбіміз есепті тек ақшасы көптер, яғни “санайтыны бар­лар” ғана жүргізгені дұрыс деп қа­телесеміз. Ал ақшаны аз табатындар “санаулы операция­ның” бәрі көз алдымда деп ша­тасады. Оны қанша жазып есепке алса да, бәрібір жетпейді деп ойлайтындар мен ақшаны аз табатындар мүлдем отбасы­лық бюджет жүргізбейді де, басқармайды да. Негізінен, отбасылық бюджетті басқармайтын­дардың ақшасы үнемі жетпей жа­тады екен. Ойламаған жерден отбасылық мәселелердің пайда болуына да, әлеуметтік пробле­малардың жиі аяқтан шалуы да, ақыр соңы ажырасуларға дейін алып барып жататын айқай-шудың басты себептерінің бірі де осы – отбасылық бюджеттің сауатсыз жүргізілуі немесе мүл­дем басқарылмауына келіп тіре­леді”, дейді осы саланы зерттеп жүрген мамандар. Отбасылық бюджет табыстың қаншалықты бөлігін ең алдымен қандай шы­ғындар жабуға және керек емес, жоспарланбаған шығындардан сақтандырады, оның алдын ала­ды. Отбасылық бюджет өзіңе ақша аяу, бар ақшаны мүлдем жұмсамай жинау деген сөз емес, ол – сауатты үнемдеу және тиімді жинақтау.

Амангелді ҚИЯС.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp