«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛ БІРЛІГІ — БАСТЫ ҰСТАНЫМ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Президент Қасым-Жомарт То­қаев “Тәуелсіздік бәрінен қым­бат” мақаласында қайта жаң­ғыр­ған қазақ мемлекеттілігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттық­тың тұтас дәуірге пара-пар ма­ңыздылығына тоқталып, бір ша­ңырақ астында арман-мақсаттарын тоғыстырған Қазақстан хал­қының болашаққа тың серпінмен қадам басу бағыттарын саралап берді. Жұртшылықтың назарын алдағы төртінші онжылдықтың жүктейтін міндеті – қуатты елдің иесі және кемел халық болу еке­ніне, бұл жолда саяси-экономикалық реформаларды және са­на­ны жаңғырту үдерісін жалғас­ты­рып, заман талабына бейім­делген ұлттың жаңа болмысын қа­лыптастыру қажеттігіне ау­дарды.

Мемлекет басшысы “Біз­ді қай заманда да қиындықтар­дан аман алып келе жатқан бас­ты құ­дырет – ел бірлігі. Ынтыма­ғы жа­расқан жұрттың қашанда ұпайы түгел. Түрлі жағдайларға байла­нысты қазақ жеріне әр ке­зеңде әртүрлі ұлт өкілдері көптеп қо­ныстанды. Қазақ халқы еш­кім­ді жат көрмей, бауырына басты. Бү­гінде олар­дың туған жері де, Ота­ны да – Қазақстан. Біз көп­этностық сипатымызды артық­шы­лы­ғымызға айналдыра алға­нымыз анық”, – дей келіп, ты­ныштық пен тұрақты­лықтың, са­бырлылық пен толерант­­тылық­тың жаңа ұс­танымын қалыптастырған Қа­зақстан хал­қы Ассамблеясы та­рапынан ат­қарылған тиімді жұ­мыс­қа жоғары баға бер­ді. Бұл орай­да, халқымыз­ды бі­ріктіретін ортақ құнды­лықтар­ды барынша дәріптеп, ой-санаға бе­рік орнық­тыру, ол үшін Наурыз мейрамын атап өту тұ­жы­рым­дамасын жа­сап, көктем ме­реке­сі­нің мазмұнын байыта түсу, осы­лайша бүкіл қоғамды ұйыстыра­тын құндылықтарды соғұрлым көбірек насихаттау­дың мәні айрықша.

Менің саналы ғұмырымның көп бөлігі Шал ақын ауданын­дағы қазақ ауылдарында, онда­ғы құлын-тайдай тебісіп өскен достарымның арасында өтті. Тон­ның ішкі бауындай біте қай­насып жүргендіктен, отансүйгіштікті жа­лаң ұран етпедік, елге, халық­қа қызмет етуді жан-жүрегімізбен ұғындық. Ешкімді ұлтына қарап бөле-жарған жоқпыз. Ұрпақтар арасындағы ырыс-ынтымаққа не­гізделген осындай жарасым­ды­лық пен түсіністік бүгінде мемле­ке­тіміздің кемел келешекке бас­тайтын басты саясатына айна­лып, оған мемлекеттік органдар ғана емес, бүкіл қоғам және әр­бір азамат жауапты деген ұғым орнықты. 2002 жылдан 2014 жыл­ға дейін Парламент Сенаты­ның депутаты, бұдан бөлек, ҚХА төра­ғасының қоғамдық негіздегі орынбасары болдым. Ас­сам­блея елдің саяси жүйесі­нің толыққанды субъектісі сана­латын этносаралық қатынас­тар­ды үйлестірудің бірегей инсти­туты мәртебесіне ие болды. Ас­самблеяны құру идеясы 1992 жы­лы Тәуелсіздіктің бірінші жылды­ғына арналған Қазақстан халық­тары форумында жарияланып, 1995 жылдың 1 наурызында Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган ре­тінде құрылды. Мұндай инсти­тутты құру қажеттілігі саяси, сон­дай-ақ көпэтносты, көпконфес­сиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындап, бір­ден-бір дұрыс шешім қабылданды. Осылайша мәдениетаралық диалогты нығайтудың, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешу­ге мүмкіндік беретін әлемдік тәжірибедегі тың үлгі көптеген өзгерістерге ұйытқы болды. Кейін құрылымның бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудің маңызды құралы ретіндегі рөлі нығайтылып, конституциялық мәртебе берілді.

Келесі жылы 30 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде атап өтілетін саяси институттың эт­нос­аралық, толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстан­дық тәжірибесі көптеген фактілермен расталады. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, оны ха­лық дипломатиясының маңызды күретамыры десе де бо­лады. Егемендіктің елең-алаң шағынан бастап тұрақты да­муы­мыздың бас­тауында тұрғаны – сөзіміздің ай­қын дәлелі. Бұл бірегей инс­титут еліміздегі барлық этнос өкіл­дерін ортақ мақсатқа ұйыс­тыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуына өлшеусіз үлес қосып ке­леді. Оның қоғамды біріктіру­ші­лік қызметінің арқасында әрбір қа­зақстандық азаматтық құқықтары мен еркіндігін толығымен жүзеге асыра алады. Республика­да этностардың мәдениетін, тілін, дәстүрлерін білуіне барлық жағдай жасалған. Бір мыңға жуық этномәдени бірлестіктер­дің іс-қимылы белсенді. Әртүрлі тілде республикалық газет-журнал, радио, телебағдарламалар шығады. 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде оқытылады. 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистика­лық мектептер бар. Оның бірі Петропавл қаласында орналас­қан. Өзбек, ұйғыр, корей, неміс театрлары жұмыс істейді.

Л.Н.Гумилев атындағы Еу­разия ұлттық университетінде қызмет етіп жүргенде маған Қа­зақстан халқы Ассамблеясы ка­федра­сын ашу міндеті жүктелді. Осы бас­тама негізінде М.Қозы­баев атындағы Солтүстік Қазақ­стан университеті жанында Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясы ка­федрасы құрылып, жемісті жұ­мыс істеп ке­леді. Қызмет ба­бымен көптеген шетел мемле­кеттерінде болып, Қазақстан елі­нің өкілі ретінде ой бөлістім, пікір алмастым. Мәсе­лен, Біріккен Ұлт­тар Ұйымында, Бразилияда, Польшада, Жапо­нияда өткен ха­лықаралық жиын­дарда жасаған баяндамала­ры­ма мемлекеттілі­гіміздің қалыпта­су кезеңінде эт­носаралық төзім­ділік пен қо­ғамдық келісім арқа­сында қо­ғамды ұйыстыра білген стратегия­лық басымдықтарды, ортақ құндылықтар мен ұлт бірлі­гіне же­ту қағидаттарын арқау ет­тім. Қа­зақстандықтарды қандай ор­тақ күш, бірегей мақсат бірікті­ріп, біртұтас елге айналдырып оты­руының қыр-сырларына, эт­но­саралық қатынастар жүйесін­де мемлекеттік тіл ел бірлігін қа­лып­тастырудың маңызды фак­то­ры екеніне, Ассамблея қызме­тінің этносаралық қатынастар мәсе­лелерін тиімді шешу бағы­тын­дағы іс-тәжірибесіне тоқталдым. Бүгінде этносаралық толе­ранттылық пен қоғамдық келісім­нің қазақстандық үлгісі төрткүл дүниеге жақсы мәлім. БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун еліміз­ге келген сапарында Қа­зақстан халқы Ассамблеясының қызметі­мен танысып, БҰҰ-ның жұмыс принципімен толық сәйкес келе­тінін мәлімдеген бола­тын.

“Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы” Заңда этносаралық қатынастар саласындағы негізгі принциптер айқындалып, ҚХА мен оның құрылымдарының мәр­тебесі заң жүзінде бекітілген. Ассамблея қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асы­руға ықпал ететін мекеме ретінде өз қызметіне қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан этностарының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар са­ласындағы тиімді өзара іс-қимылына, қоғамдық келісім мен жал­пыұлттық бірлікті одан әрі ны­ғайтуға қолайлы жағдайлар жа­сайды, қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары­на қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мем­ле­кеттік органдарға жәрдемдеседі, азаматтардың саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға атсалысады, этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін ортақ арнаға бірікті­реді, шетелдердегі қазақ диаспорасына ана тілін, мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін сақтау, дамыту, оның тарихи Отанымен байланыстарын нығайту мәсе­ле­леріне қолдау көрсетеді, эт­носаралық қатынастар саласын­дағы келіспеушіліктер мен дау­ларды реттеу, қақтығысты жағ­дайларды болдырмау жөнінде ұсынымдар әзірлейді, практика­лық шараларды іске асырады. Ерекше атап өтетіні, Қазақстан Республикасының Президенті Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады, Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды, Ассамблея басшылығының лауазымды адамдарын қызметке тағайындайды. Өзім сес­сияларда, кеңестерде қоғам өмі­рінің маңызды мәселелері мен мемлекет дамуының негізгі бағыт­тарының талқылануына та­лай рет куә болдым. Орасан бі­ріктірушілік және зияткерлік әле­ует жинақтап, халықтық дипло­матия институты үлгісіне бейім­деле отырып, бүкіл әлемге Қа­зақ­станның этносаралық қаты­настар саласында жүргізіп отырған саясатының табысты екенін паш етіп келеді.

Қасым-Жомарт Кемелұлы “Egemen Qazaqstan” газетіне берген сұхбатында былай дегені бар: “Біз озық ойлы ұлт ретінде халқы­мыз­ды ыдырататын емес, біріктіретін жолды таңдап, тек қана ал­ға қарауымыз керек. Жал­пыұлттық құндылықтар бәрі­нен жоғары тұруға тиіс. Еңбекқор­лық, бі­лімпаздық, кәсібилік, бір­лік, ын­тымақ, жанашырлық, іс­керлік, бас­тамашылдық, адал­дық, қарапайымдылық және үнем­шілдік – нағыз отаншыл, адал азаматқа тән қасиеттер мен құндылықтар. Халқымыз­дың қуатын арттырып, табысқа жетелейтін осындай қасиеттер мен құндылықтарды жан-жақты дәріптеп, ұрпақ сана­сына сіңіру арқылы ғана сапалы ұлтқа ай­нала аламыз”.

Бұған Ұлттық Құрылтай отырыстарында алға тартылған ұл­тымыздың тарихи сана-сезімін жаңғыртуға, мәдени мұрамызды жан-жақты дәріптеуге, мемле­кет­тік тілді дамытуға, азаматтық бірегейлігіміз бен рухани бірлігімізді нығайтуға қатысты па­йымдарды қоссақ, бейбітшілік пен тұрақтылықтың, ауызбіршіліктің қадір-қасиетін терең ұғына түсе­тін боламыз.

Анатолий БАШМАКОВ,

Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясы облыстық филиалының лекторы, экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp