«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙЫРТАУДАҒЫ ІЛКІМДІ ІСТЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айыртау ауданының әкімі Мейрам Меңдібаев өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізіп, 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады.

Жыл басынан бері 41,7 млрд. теңгенің ауыл шаруашы­лығы өнімдері өндірілген. “Кең дала” бағдарламасы аясында 268 млн. теңгеге 6 шаруашы­лық қаржыландырылған. “Іс­кер жоба” шеңберінде шағын және орта бизнес саласына қол­дау көрсетіліп, 20,5 млн. теңге мөлшерінде несие бе­рілген.

“Биыл 530 мың тонна ас­тық, 49,4 мың тонна майлы да­қыл өнімдері жиналып, гектар берекелігі тиісінше 18,5 және 9,4 центнерден айналды. 4100 тонна ет, 27,4 тонна сүт, 7,6 млн. дана жұмыртқа өнді­ріл­ді. 120 мың тонна шөп, 16,5 мың тон­на пішендеме, 20,9 мың тон­на сүрлем дайын­далды”,­ – дей келіп, Мейрам Жақсылық­ұлы негізгі капитал­ға 13,5 млрд. тең­ге инвестиция құйылғанын, оның есебінен кө­көніс сақ­тай­тын қойма, биенің құрғақ сүтін өндіретін ферма салынып жат­қанын жеткізді.

Баяндамашы өнеркәсіп, кә­сіпкерлік, туризм салалары бойынша жеткен жетістіктерге де тоқталып өтті. Бүгінде 1692 шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. 7 жо­баны жүзеге асыруға 228 млн. теңге бөлініп, 17 жаңа жұ­мыс орны ашылған. “Биз­нестің жол картасы” бағдар­ламасы бойынша 3,47 млрд. тең­ге қа­растырылған.

Соңғы үш жылда тарихи, мәдени жерлерді тамаша­лауға келген туристердің саны екі есеге артып, 100 мыңға жет­кен. Аудан аумағында күніне 4 мың адамды қабылдай ала­тын 46 туристік нысан құрыл­ған. Туристік аймақты жаңғыр­туға жарты млрд. теңге инвес­тиция бағытталған.

Тіркелген жұмыссыздар­дың саны – 645. Қоғамдық жұ­мыстарға 174 адам тартылған. 134 отбасыға атаулы әлеумет­тік көмек берілген. Бизнес идеялар үшін 32,5 млн. теңге­нің 22 гранты бөлінген.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp