«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жасыл желектің жанашырлары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ит тұмсығы өтпейтін қа­лың орман – еліміздің табиғи бай­лығы. Жасыл желектің сұқ көз бен табиғи апат­тан аман болып, даламызға кө­рік беріп тұрғаны осы салада тер төгіп жүрген ор­маншылардың арқасы. Орман шаруашылығы қыз­меткерлерінің кәсіби мере­кесіне орай об­лыс орталығында іс-шара өтіп, мамандар құрметке бөленді. Сал­танатты шара бас­талмас бұ­рын облыс әкімінің бі­рінші орын­басары Марат Тас­ма­ғанбетов ау­дандардағы ор­ман шаруашы­лықтары басшы­ларына, сала қыз­меткерлеріне арналған 9 қыз­меттік көліктің кілтін табыс­тады.

– Баршаңызды орман ша­руа­шылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын. Орманшы – қоғам үшін ма­ңызды мамандық. Сіздер еліміз­дің табиғи байлығын қорғап ке­лесіздер. Өңір аумағының 5,5 па­йызын алып жатқан жасыл же­лек маңызды шикізат қоры сана­лады. Мемле­кет басшысы алдағы бес жылда 2 млрд. көшет егу міндетін қойды. Бүгінге дейін өңір аумағына 50 млн. түп ағаш егілді. Сіздер­дің еңбектеріңіз тек экологиялық қана емес, әлеу­меттік-экономикалық дамудың кепілі, – деді Марат Иманбайұлы.

Бұл күнгі шарада облыс әкі­мінің Құрмет грамотасы Ақ­қайың ауданындағы орман шаруашылығының орманшы-инспекторы Марат Болатов, Қызыл­­жар ауданындағы орман шаруа­шылығының орманшы-инспек­то­ры Виктор Калмаков, Соколов орман шаруашылығының ор­манды қорғау инженері Алексей Куче­ренкоға табысталды. Ал Ал­ғыс хаттарды Есіл ор­ман шаруа­шы­лығының орман шебері Әлихан Қажымұратов, Преснов ор­ман ша­руашылы­ғының орманшы-инспекторы Сырбай Асыл­беков және өзге де еңбек сіңір­ген қыз­меткерлер иеленді.

Сонымен қатар бұл күні сала мамандары арасындағы дәс­түрлі спартакиада қорытындыланып, салтанатты шара концертке ұласты.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген Шыңғысхан БЕКМҰРАТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp