«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОТТАЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде бұған дейін алқабилер ақтаған екі қылмыскердің ісі қайта қаралды. Алқабилердің жаңа құрамы бірнеше қылмыс жасаған екі жасөспірімді кінәлі деп тауып, 12 жылға бас бостандығынан айырды.

Облыстық соттың мәліметінше, 7 қараша күні қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен И. және Б.-ға қатысты қылмыстық істі қарады. Жасөспірімдерге қарақшылық шабуыл жасау, қарақшылықпен ұштасқан кісі өлтіру, ұрлық жасау айыптары тағылған. 

Сотталған И. мен Б. 2023 жылдың 21 желтоқсанында Мағжан Жұмабаев ауданының Медвежка ауылында болып, алдын ала сөз байласып, ақша ұрлау мақсатында М-ның үйінің ауласына кіріп, оны өлтірген. Кейін олар үй иесінің 150 мың теңгесін қалтаға басқан. 2023 жылдың ақпанында И. әжесінің үйінде болған кезде оның 2 млн. теңге ақшасын ұрлап кеткен.

Прокурор қылмыстар жиынтығы бойынша сотталушыларға 12 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза тағайындауды сұрады.

  Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp