Шал ақын ауданында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, үш адам жарақат алды.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Шал ақын ауданы Арай ауылының маңында жергілікті маңыздағы жолда “ВАЗ 2107” автокөлігінің 40 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қиыршық тас үйіндісіне барып соғылған.
Алған жарақаттары салдарынан көліктегі 2024 жылы туған нәресте медициналық мекемеге бара жатқан кезде қайтыс болды. “ВАЗ 2107” автокөлігінің жүргізушісі мен тағы екі жолаушысы аудандық ауруханаға жатқызылды. Медициналық куәландыру жүргізушінің мас болмағанын көрсетті.
Осы факті бойынша полиция қызметкерлері қажетті сараптамалар мен сотқа дейінгі тергеу тағайындау үшін материалдар жинап жатыр. Оның нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданбақ.
Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.