«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жоғалған зейнеткер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Есіл ауданындағы Бірлік ауы­лының 83 жастағы тұрғыны түн­де үйінен шығып кетіп, екі тәулік­тен бері табылмай жатыр. Зей­неткерді іздеуге полиция, құт­қа­рушылар, ауыл тұрғындары жұ­мылдырылды.

Туыстары ер адамды өздігі­нен таба алмағандықтан поли­цияның көмегіне жүгінген. Айтуларынша, ол 10 қараша күні түнгі сағат 2.00 мен 6.00 аралы­ғында үйден шығып кеткен.

Жоғалып кеткен азаматты тө­тенше жағдайлар департаменті­нің мамандары да іздестіріп жа­тыр. Іздеу жұмыстарына ұшқыш­сыз ұшатын аппарат, басқа да техника қол­данылуда. Ауа райы­ның қолай­сыздығы іздеу опе­ра­циясын қиындатып отыр.

Қазіргі уақытта адасқан адам тоқ­тауы мүмкін мал қамайтын орын­дар, даладағы бақташылар­­­­дың қосындары, отын дайын­дайтын орындар тексеріліп жа­тыр.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp