Облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Петропавл базарларының бірінде акцизсіз темекі өнімдерін заңсыз сату фактісін анықтады. Полицейлер жеке кәсіпкердің сауда сөресінен әртүрлі атаудағы 2850 қорап темекіні тәркіледі.
– Мемлекет тарапынан тексеруден өтпеген өнім халықтың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Аталған кәсіпкерге қатысты жиналған әкімшілік материал темекі бұйымдарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау қағидаларын бұзғаны үшін процестік шешім қабылдауға өңірдегі мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді, – деді облыстық полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің жетекші маманы Игорь Мерцалов.
Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,
“Soltüstık Qazaqstan”.