«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қожамбет шежіресі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық тарихи-өлкетану му­зейінде сақталған бағалы жәді­герлердің бірі – ХІХ ғасырдың екін­ші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген ақындардың бірі, жерлесіміз Қожамбет Орда­байұлының шежіресі. Құнды зат­ты өлкетанушы Дәстен Баймұқа­нов мәдениет ошағына 2018 жылы “Музейге сый тарту” акция­сы аясында тапсырған.

“Қожамбет ақынның шежіресін 1975 жылға дейін қазіргі Шал ақын ауданына қарасты Кеңес ауылы­ның тұрғыны Еренғайып Жақыпов деген кісі сақтап келген. Шежіре 1936 жылы арабша жазылған. Осы шежіренің жалғасын жерлес ақын Ахметжан Нұртазин 1952 жылы жазып, жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаевқа аманат қылып қалдырған екен. 1987 жылы жазу­шының бәйбішесі Кәмеш Байқас­қ­ы­зынан алып, қазақшаға ауда­рып, 2018 жылға дейін көзімнің қарашығындай сақтап, музей қо­рына өткіздім. Бұл жәдігерді Ах­метжанның шежіресі демей, Қо­жамбет шежіресінің жалғасы деп білгеніміз дұрыс”, – дейді Дәстен Баймұқанов.

1858-1932 жылдары өмір сүр­ген Қожамбет Ордабайұлы – Шал ақын ауданындағы Бірлік ауылы­ның тумасы. Арғы аталары – Аты­ғай, Дәуіт, Қалқас, Бәйімбет, Тоқа, Көшей, Өміртай, Өтеп, Бөбетай, Ордабай. Қожамбет­тің әкесі – Ор­дабай ауқатты, ал­дына әжептәуір мал салған, ша­руасына мығым кісі болса, ше­ше­сі Сұлуман – Ұлы­тау жақтың қызы, ақылды, әрі өжет жан екен. Ордабай баласы­ның болаша­ғын алыстан танып, арабша үйре­ніп, білім алсын деп молдадан сауатын аштырған. Қадімше жа­зып, оқуды үйренген жерлес ақын есейе келе сауда-саттыққа, ел би­леу ісіне араласа жүріп, орыс тілін жетік меңгереді.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp