«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Белгілі тарихшы – облыстың құрметті азаматы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облыс­тық мәслихатының кезектен тыс 18-ші сессиясында жеті мәселе қаралды. Облыстық қаржы бас­қар­масының басшысы Наталья Дышкант төтенше жағдайдың зардаптарын жою үшін шығыстарды ұлғайту және мемлекет­тік сатып алуларға үнемдеу есебінен бюджет қаражатын қысқарту жайында баяндады.

Бұдан әрі облыс әкімі аппа­ра­ты басшысының орынбасары Қуаныш Жүсіпова депутаттар­дың қарауына өңір басшысы­ның жерлесіміз, көрнекті қоғам қайраткері Бүркітбай Ғелман­ұлы Аяғанға “Солтүстік Қазақ­стан облысының құрметті аза­маты” атағын беру туралы ұсы­нымын енгізді.

Сессия барысында облыс­тық мәслихаттың жолаушылар көлігі және автомобиль жолда­ры басқармасы басшысының мін­детін атқарушы Ерден Шор­тыбаев ұсынған “Солтүстік Қа­зақстан облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы” шешіміне өзгерістер енгізілді. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Жалғас Сүлейменов ұсынған облыстық жер комиссиясының құрамы да жаңартылды. Бұдан бөлек, об­лыс әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың дербес құ­рамдарына жаңа тағайындауларға байланысты түзетулер енгізілді.

Күн тәртібіндегі барлық мә­селелер тұрақты комиссия­лардың бірлескен отыры­сында алдын ала талқыланғанын айта кеткен жөн.

Қайрат САДЫҚОВ,

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp