«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мал соятын орын аз

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір прокурорлары ветеринарлық қауіпсіздік саласына қатысты көптеген заң бұзушылықты анықтады. Өңірде ірі қара малдың бруцеллезге шалдығу көрсеткіші үш есеге, үй жануарларының өлімі шамамен 2 мың басқа артқан. Бұл туралы облыстық прокуратурада өткен кезекті алқа отырысында айтылды. Жиында биылғы 9 ай бойынша ветеринарлық заңнаманы сақтау мәселесі қаралды.

Отырыста ірі қара малдың бру­целлезбен ауруы 272-ден 613-ке, ал ауыл шаруашылығы жан­уар­ла­рының өлімі былтырғы 11 519-дан биыл 13 395 басқа дейін өсуіне назар аударыл­ды. Ма­мандарды мал қорымда­рының талапқа сай болмауы, мал сою пункттерінің салынбауы алаң­датып отыр. Тексеріс бары­сында жан­уарларды жалған вак­циналау де­ректері де анықтал­ған. Сондай-ақ бір малға екі рет екпе егудің 15 мың фактісі белгілі болыпты.

“Жануарларға жауапкершілік­пен қарау туралы” Заң қолданыс­қа енгізілгеннен кейін қаңғырған иттерді ату тәжірибесі тоқтатыл­ды. Алайда жергілікті ветеринар­лық қызметтер заңда көзделген жұ­мыстың жаңа форматын әзір­ле­меген. Салдарынан өңірде тұр­ғындардың өмірі мен денсаулы­ғына қауіп төндірген қаңғырған ит­тердің саны өсіп отыр.

Мамандардың айтуынша, биыл қаңғырған иттерден 350-ден астам адам зардап шеккен, оның ішінде кәмелетке толмағандар да бар.

Отырыс қорытындысы бойын­ша облыс прокуроры уәкілетті мем­лекеттік органдардан жыл­дан жылға қайталанатын жүйелі заң бұзушылықтарды жоюды та­лап етті, сондай-ақ сібір жара­сы­нан өлген мал қорымдарын қа­лыпқа келтіруді, жаңа сою пункт­терін са­лу мәселелерін шешуді тапсыр­ды.

Облыс әкімдігіне өңірдегі эпи­зоотиялық жағдайды жақсарту үшін ұзақ мерзімді өңірлік бағ­дарлама әзірлеу ұсынылды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp