«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТ – ІСКЕРЛІК БЕЛГІСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Парламент Сенатының экономикалық, саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Сүйіндік Алдашев бастаған бір топ депутат және Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов пен Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев Қызылжар өңіріне жұмыс сапарымен келіп, жергілікті жердің индустриялық, инвестициялық әлеуетімен танысты.

Халық қалаулылары ал­ды­мен “Зеленый Север” ЖШС-ға қарасты инновация­лық жылыжай кешені мен қа­ғаз өнімдерін шығаратын фаб­рикада болды.

Кәсіпорын директоры Ека­т­ерина Асаёнок меймандар­ды ғимараттың тыныс-тірші­лігімен таныстырды. Нысан ішін аралаған депутаттар жо­баға оң бағасын берді. Мем­лекеттің қолдауымен “Солтүс­тік” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бөлген 5,8 млрд. теңгеге тұрғызылған жы­лыжай тұрғындарды жыл бойы дәруменге бай көкөніспен қамтамасыз етеді. Орнатыл­ған құрал-жабдықтар да, қияр тұқымы да Голландиядан әке­лінген. Қазір серіктестікте 70 адам тұрақты жұмыс­пен қамтылған. Бір айда ор­таша есеппен 300 тоннадай қияр жиналып, жергілікті сұраныстың 40 пайызын қамтама­сыз етіп отыр. Жылдық қуат­ты­лығы 3 мың тоннаны құ­рай­ды. Автоматты кли­маттық ба­қылау, тамшылатып суару жүйесі енгізілген.

“Радуга” ЖШС бас дирек­торының орынбасары Дәурен Қатранов Сенат депутатта­рын жүзеге асырылып жатқан тың жобалармен таныстыр­ды. Қоқыс қалдықтарының өзі тиім­ді пайдаланылып, леген, шелек, киім ілгіштер, та­ғы басқа бұйымдар жасалады.

Кәсіпорын 2013 жылдан бері шикізат қалдықтарын өңдеумен тұрақты түрде айналысады. Жыл­дық қуаттылығы 4 мың тон­наға жуық. Сабынға деген сұ­раныс жоғары. Өндіріс цехта­рын­да жарты мыңдай адам еңбек етеді.

“С.М.Киров атындағы зауыт” акционерлік қоғамында Қа­зақ­станда баламасы жоқ тауар­лар өн­діріледі. Мұнда халық қа­лау­лыларына озық инновациялық бағдарламаларды өн­діріс­ке ке­ңінен енгізу бағдар­ламала­ры ұсынылды. Сенат де­путаттары ірі өндіріс ошағының еліміздің қорғаныс саласына қосып отыр­ған үлесін жоғары бағалады.

Бұдан кейін астаналық қо­нақ­тар №2 Петропавл жылу электр орталығына аялдап, қа­ланы жылумен жабдықтау жа­йы­­мен танысты. Энергетика са­ласында қордаланған проб­ле­маларды шешу жолдары тал­қыланды. “СевКазЭне­рго” АҚ бас директорының орын­басары Петр Богданов диаметрі 20 метр­лік мұржаның қабыр­ғасы­ның қалыңдығы 2,8 метрді құ­райтынын, жалпы сал­мағы 15 мың тонна болатынын айтты. Жо­ба құны – 2 млрд. теңге. Құ­ры­лысы 73 күнге со­зылған мұр­жа келесі жылы пай­да­лануға бе­рілмек. Бұдан бө­лек, ескірген та­ғы бір мұржаның орнына жаңа­сы компания есе­бінен тұрғызыл­мақ. Қазан­дық­тар жаңартылуда. Кадр тапшы­лығы ескеріліп, жа­лақы 30 па­йыз­ға көбейтілген.

ЖЭО-ның мәжіліс за­лын­да өткен жиында облыс әкі­мінің орынбасары Қанат Дүзел­баев­тың есебі тыңдалды. Оның ай­туынша, өңірде 755 млрд. теңге­нің 46 инвестжобасы қолға алын­ған. Жүк тиеу жабдықтары, ауыл шаруашылығы техникала­ры, нан өнімдері, керамикалық кірпіш, тағы басқа салаларға ба­сымдық беріліп, 7 мыңнан ас­там жаңа жұмыс орны құ­ры­латын болады.

Сенат депутаттары Есіл ауда­нында болып, барлық дең­гейде­гі автомобиль жолдары­ның са­пасын тексерді.

“Биыл республика бойынша 4 мың шақырым жергілікті, 8 мың шақырым республикалық жолдарға жөндеу жүргізіледі. Оның 421 шақырымы Жезқаз­ған-Петропавл трассасына тиесі­лі”, – деді Сәтжан Аблалиев.

Кездесуді қорытындылаған Сенат депутаты Шәкәрім Бұқ­тығұтов бағалы ұсыныстардың қолдау табатынын атап өтті.

Басқосуда кадр саясаты, қаржыландыру, құрылыс жұ­мыс­тарының сапасы, нысан­дар­ды пайдалануға беру мәсе­лелері де талқыланды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Шыңғысхан БЕКМҰРАТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp