«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ғабеңді ортаға алып…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кешегі кеңес өкіметі кезінде де ел жағдайына елеңдейтін, халық үшін бәрін де берем дейтін, еңбегін ақ жүріп, адал атқарған, сөйтіп, мықты басшы деген атты алған азаматтар аз бол­ған жоқ. Солардың бірі – Жамбыл облысындағы шалғайда жат­­қан Мойынқұм ауданына ширек ғасырға жуық жемісті жетекшілік еткен соғыс ардагері Айтбай Назарбеков.

Ақыл, парасаты мол Айтекең ұлты­мыз­дың көптеген ақын-жа­зушысын, өнер адамдарын жиі-жиі ауданға шақырып, қонақ еткен. Кейбіреуімен, тіпті дос­тас, сырлас та болғаны белгілі. Қазақ әдебиетінің клас­сигі, сөз зергері Ға­бең, Ғабит Мү­сіреповпен де әр­дайым әңгімесі жарасып, жақ­сы сыйласқан. Дара суреткер Мойын­құм же­рінде үш-төрт рет аса қадірлі мей­ман болып, аң атқан, балық аулаған, тіпті бірге келген се­ріктерімен таңды-таңға ұрып, та­лай рет карта-преферанс ой­наған.

Ал енді осындай өзара қарым-қатынастан кейін Ғабең­нің Мойынқұмға қалайша бүйрегі бұрмайды. Сондықтан ол кісінің мына суреттегідей құмды өлке азаматтарының арасынан табылуының да өзінше бір мәні бар.

…1973 жылы 22 қарашада қазіргі Тараз, бұрынғы Жам­был қаласында облыс интел­лиген­циясының І съезі өткізіліп, бұл алқалы басқосуға Ғабең де қатысқан. Иә, шырайлы, шынайы шығармаларымен қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алған жазушы Жамбыл облысы зиялы қауымының жиы­нына Мойынқұм ауданынан сай­­ланған делегаттардың қақ ор­тасында отыр. Баяғы өзіне ғана тән, өзіне ғана жарасатын маңғаз, тәкаппарлау кейіпте…

Сол жағында Айтекең, Айтбай Назарбеков, оң жағында Мойынқұм аупарткомының екін­ші хатшысы Билібай Қашағанов (қалың қазаққа танымал мемлекет және қоғам қайраткері Екей­бай Қашағановтың інісі) пен білікті педагог, мектеп директоры, сондай-ақ мықты аңшы, балықшы болған майдангер Әлихан Есжанов.

Берікбай ҚАДЫҚОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp