«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТШЫЛ ОҚЫҒАНДАРЫ ЖАЙЛЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақ әдебиетінің классигі, академик-жазушы С.Мұқановтың Алматыдағы музей-үйі 1978 жылы 21 қарашада ашылған. Музей әдеби және мемориалдық бөлімдерден тұрады. Жазушының төрт мыңға жуық кітап қоры сақталған кітапханасында сирек, аса құнды туындылар да бар. Сондай құнды кітаптың бірі – қаламгердің зерттеу еңбегі.

С.Мұқановтың “ХХ ғасырда­ғы қазақ әдебиеті /І бөлім/ (ұлт­шылдық, байшылдық дәуірі)” атты әдеби-зерттеу еңбегі ең ал­ғаш Қызылорда қаласында 1932 жылы жарық көрді. Бірақ өкініш­ке қарай, сол кездегі саясаттың өткір сынына ұшырап, бұл туын­дыны оқуға, қайта басуға тыйым салынды. Шығарма еліміз тәуел­сіз ел атанғаннан кейін арада бі­раз жыл өткен соң ғана, нақты­рақ айтсақ 2008 жылы “Атамұра” баспасынан қайта басылды.

Бұл қабырғалы қаламгердің Алаш азаматтарының өмірі мен шығармашылығына арналған елеулі еңбегі еді. Жазушы зерт­теу еңбегін “Ұлт деген не?”, “Ұлт­шылдық неден шықты?”, “Қазақтың ұлтшыл оқығандары”, “Ұлт­шылдықтың өркендеуі”, “Алаш­орда”, “Төңкеріске қарсылық”, “Ұлт­шыл-байшыл дәуірдің ақын-жазушылары” деп аталатын бөлім­дерге бөлген. Алаш ақын-жазушылары А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, О.Қарашұлы, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, С.Дөнентаев, Б.Күлеев, М.Әуе­зов, Ж.Аймауытовтардың өмірі мен шығармашылығына жеке-жеке тоқталып, мол мәліметтер береді. “…Ұлтшылдық бағытта жүргендердің ол кездегі ірі мақ­саттарының біреуі қазақ халқын ағарту, оқуландыру еді. Қазақты оқытып саналандырып алғаннан кейін, орыс отаршылдығына қар­сы көтеру еді. Осы мақсатпен ұлт­шылдар ауылында қазақ тілінде мектептер ашуды ойлады. Мек­теп ашқан уақытта татар, араб, парсы, орыс тілдерінің қазаққа қа­нағат бола алмайтынын біліп, жа­ңадан қазақ тілінде оқу кітапта­рын жазуға кірісті, тіл мәселесі қолға алынды. Мектеп кітапта­рын ескерумен қатар, қазақтың кө­ңілін оятып, өз тілектеріне бұ­қараны баулу үшін қазақша га­зет, жорнал дегенді қолға алды”, – деген пікірін білдіреді.

Жазушы бұл еңбегінде Алаш арыстарының ағартушылық қызме­ті мен білім беруге сіңірген ең­бегіне оң баға береді. Кітаптағы бір сөзінде “…Әр тілдің айдауын­да жүрген қазақ балаларына қазақ тілімен кітап жазған, қазақ ті­лінің негізін жасап, қазақ мектептерінің іргесін қалаған, алғашқы адам – Ахмет Байтұрсынов. Ахм­еттің бұл тарихи еңбегі баға­лан­­бай қалмақ емес”, – десе, Мағжан туралы “Ақындық жағы­нан келгенде Мағжан, әрине қа­зақ­тың күшті ақындарынан сана­ла­ды. Қазақтың тілін байыту ре­тін­де, әдебиетіне жаңа түрлер ен­гі­зу ретінде Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейін тіл өнегесіне Мағ­жаннан асқан ақын қазақта жоқ”, – дейді. Ал қазақтың алғаш­қы ро­маны жайлы: “Бақытсыз Жа­­мал” – үлкен тарихи маңызы бар ро­ман. Бұл роман арқылы Мір­жа­­қып қазақтың өсіп келе жат­қан капиталистерінің ескі фео­далдық өмірге қарсылығын көр­сетті”, – деп шынайы бағасын бе­реді. “…Жүсіпбек Аймауытовтың соң­ғы кезде шыққан күрделі ең­бек­тері “Ақбілек” дейтін ұзақ ро­маны мен “Күнекейдің жазығы” деген ұзақ әңгімесі. “Ақбілек” ерте кез­де “Әйел теңдігі” журна­лында ба­сылып жүрді. Бірақ тү­гел басылған жоқ. Әйткенмен, оның толы­ғын мен Жүсіпбектің өзінен оқы­ған едім”, – деген ес­те­ліктерімен бөліседі.

Жасыратыны жоқ, Сәбит Мұқа­нов зерттеу еңбегін сол кездегі идеоло­гияның әсерімен таптық көз­қараста жазған. Бұл туралы әдебиетші ғалым, сыншы, про­фессорлар Тұрсынбек Кәкішев пен Күләш Ахмет кітаптың 2008 жылы шыққан басылымының ал­ғысөзінде былай дейді: “…Мәс­кеуде қызыл профессорлар институтында керемет қиыншы­лық­пен оқып жатқан Сәбиттің осы кі­тапта аты аталғандардың ағайын-туыстарына, жақтаста­рына, әріптестеріне жек көрінішті боларын біле тұрып 458 беттік еңбекті жазуында керемет көре­гендік бар. Біріншіден, әдебиет­ке өзінің қолтаңбасын қалдыр­ған­­дарды тарих бетіне сақтап қалу болса, екінші, әдебиет түгіл, өмірге қайтіп оралар-оралмасы беймәлім сотталып, жер аударылған дарындардың Сұлтанмахмұт пен Ахметтен басқасы жөнінде рецензия жазылмаған, тіпті жеке мақалаға арқау болма­ғандардың шығармашылығын зерттеп, тексеру, кейінгіге із қалдыру, аттарын өшіріп алмау мақсатын көздеген сияқты. Және оны сол кездегі таным-білікке негіздей жазбаса еңбегі еш болатынын сезген, сондықтан социо­логиялық ой мен сөзді еркін қолданған”.

Сәбең “ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті” атты еңбегін қайта бастыруға оқталып, 1963 жылдың 14-қаңтарында Қазақстан Жазушылар одағына хат жазады. Ол былайша өрілген:

“Менің 1929-1930 жылдары “ХХ-ғасырдағы қазақ әдебиеті” (байшыл-ұлтшыл дәуір) есімді көлемді еңбек жазғанымды, ол еңбектің 1932 жылы латын әрпі­мен қалың кітап боп (450 беттей) басылып шыққанын білесіздер. Кітаптың өз тұсында байшыл-ұлтшылдық идеологияны әшке­релеуде бірталай рөл ойнауы мәлім. Одан бері 30 жыл уақыт өтті. Кітап қайта басылған жоқ. Культтың белең алған кезінде “бұл кітапта байшыл-ұлтшылдарға трибуна берілді” деп мені біреулердің кінәлағанын да біле­сіз. Қазір менің осы кітапқа тағы да оралғым келеді, өйткені елеулі кемшіліктерімен қатар, кітап қа­зіргі “байшыл-ұлтшыл” дегеннің не екенін жақсы білмейтін жас­тарға пайдалы да сияқты. Кітап­ты қайта қарар алдында Жазушылар одағының жәрдемі керек, сондықтан, осы кітаптың бұрынғы редакциясын Жазушылар ода­ғына оқытып, оның қандай сыны және талабы барын білгім келе­ді. Осы мақсатпен, кітаптың ма­шинкаға орыс әрпімен басылған бір данасын Жазушылар одағына беруді мақұл көрдім. Ендігі сөз, одақтікі. Құрметпен: Сәбит Мұқанов 14.01.1963 жыл. Алматы”.

Филология ғылымдарының докторы Күләш Ахмет: “Өкінішке қарай, Сәбит Мұқановтың өтініші қазақтың ұлттық әдебиеті үшін өзекті болғанына қарамастан, одақ қолдамаған. Өтініш одақтан қолдау тауып, іске асса, ар жа­ғында Алаш азаматтарын да ақтауға бір-ақ қадам емес пе? Себебі 1957 жылы Сәкен, Ілияс, Бейімбет ақталғаннан кейін ал­пысыншы жылдары Алаш азаматтарын ақтау жөніндегі мәселе Жазушылар одағында оқтын-оқтын көтеріліп отырған”, – деп жазады.

Сәбит Мұқанов қандай да бір теріс пікірде жазылған мақала­ларын­дағы қателіктерді өзі мойындап, өзі қайта түзеп жазып отырған. Егер жазушы бұл еңбегін қайта жазғанда, Алаш азаматтары туралы пікірлерінің басқаша болары даусыз еді.

Заманның аумалы-төкпелі кезеңіне еріп, Сәбеңнің бұл еңбегі таптық көзқарас тұрғысынан жазылғанын жазушы, көрнекті ғалым, филология ғылымдары­ның докторы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, С.Мұқановтың әдеби-мемориальдық музей-үйінің негізін қалаушылардың бірі Құлбек Ергөбек: “Кезеңдік кер саясатқа қарсы тұра алмаған, әрі өзінің дүниетанымы да комму­нистік көзқарас тұрғысынан қалыптасқан С.Мұқанұлы Алаш­орда өкілдері өмірі мен әдеби шығармашылығын өз дүниета­ны­мы тұрғысынан қарап талдады”, – деп атап өтеді.

Сәбит Мұқановтың “ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті” еңбегі сол кездегі жүйенің ықпалымен теріс көзқараста жазылса да, қазір де, болашақта да Алаш зерттеушілері үшін өз құнын жоғалтпайды деген ойдамыз.

Рашида ОТАР,

С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей-кешенінің ғылыми қызметкері.

Алматы қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp