«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қауіпсіздіктің қарапайым ережелері

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Азаматтық қорғау туралы” Заң азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алуға және оларды жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс істеуінің ұйымдастырушылық қағидаттарын, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды, апаттық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды.

Азаматтық қорғаудың негізгі міндеттері мен қағидаттары – төтенше жағдайлар туындаған кезде бейбіт және соғыс уақытында апаттық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу арқылы адамдарды құтқару және эвакуациялау, азаматтық қорғау күштерін құру, оларды даярлау және ұдайы әзірлікте ұстап тұру, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың мамандарын даярлау және халықты оқыту. Бұдан бөлек қорғаныс құрылыстарының қажетті қорын, жеке қорғану құралдарының запастарын және азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкін жинақтау, азық-түлікті, су көздерін, тағамдық шикізатты, жемді, жануарлар мен өсімдіктерді радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық зарарланудан, эпизоотиядан және эпифитотиядан қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету де міндеті болып табылады.

Заңда ұйымдардың азаматтық қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері де нақтыланған. Атап айтқанда, заңнамадағы талаптарды сақтауға, мемлекеттік инспекторлардың олқылықтарды жою жөнінде берген нұсқамаларын орындауға, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде шаралар әзірлеуге және оларды жүзеге асыруға, өрт сөндіру жүйелері мен құралдарын жарамды күйде ұстауға, олардың мақсатсыз пайдаланылуына жол бермеуге, төтенше жағдайларды жойғаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар жүргізуге міндетті.

Осы заңның 16-бабында атап көрсетілгендей, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына өндірістік бақылауды ұйымдастыруда және жүзеге асыруда өндірістік ғимараттарды, технологиялық құрылыстарды зерттеп қарау мен диагностикалаудың, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын техникалық құрылғыларға техникалық куәландыру және де қызмет етудің нормативтік мерзімі біткен техникалық құрыл-ғыларға оларды одан әрі қауіп-сіз пайдаланудың мүмкін мерзі-мін анықтау үшін сараптама жүргізудің мәні айрықша. Өйт-кені нарықтық қатынастар қа-лыптасуының қазіргі жағдайын-да өнеркәсіптік қауіпсіздікке қа-тысты негізгі мәселелерді шешу кәсіпорындарға жүктеледі. Кей-бір кәсіпкерлер мен ұйым же-текшілері осы мақсаттарға жұм-салатын шығындарды “үнемдеу резерві” ретінде қарастыраты-ны жасырын емес. Оның соңы, яғни негізгі нормалар мен ере-желерден ауытқу түрлі оқыс оқи-ғаларға соқтырып жататыны өкінішті. Басын ашып айтатын мәселе, жазатайым апаттарды, құрылыстардың толық немесе ішінара қирауын, орасан мате-риалдық шығындарды, адам өлімін кездейсоқ құбылыстарға жатқызуға болмайды. Олардың себеп-салдарын зерделеу, тал-дау қолдан жасалған қателік-тердің, адами факторлардың нәтижесі екенін көрсетеді. Құ-рылыс материалдарының сапа-сыздығы, ғимараттардың талап-қа сай орналаспауы, гидрогео-логиялық зерттеулердің толық орындалмауы, құрылыс-мон-таж жұмыстары бойынша бел-гіленген талаптардың сақтал-мауы, конструкцияларға шама-дан тыс салмақтың түсуі күт-пеген апатты жағдайларға ұшы-ратады. Бұған құрылыс құры-лымдарының пайдалану ерек-шеліктерін дұрыс бағаламауы, тиісті жабдықтар мен құрал-дардың ақауы мен кем-кетігін қоссақ, құрылыстарды, өндіріс-тік ғимараттарды, технология-лық құрылыстарды жүйелі ба-қылаудың, үнемі тексерудің, диагностикалау бойынша ке-ңестерді мүлтіксіз атқарудың маңыздылығы арта түседі. Сон-дықтан олқылықтарды дер ке-зінде анықтау, оларды жою үшін тиісті шаралар қабылдау апат-тардың алдын алуға мүмкіндік беретінін баса айтқымыз келеді. Өнеркәсіптік ғимараттар мен технологиялық құрылымдарды тексеру мен диагностикалауды жүзеге асыратын ұйымды таң-дағанда және де күтпеген жағ-дайға тап болмас үшін осы са-ладағы тәжірибелі де білікті ма-мандардың қызметіне жүгінген абзал. Осындайда Уинстон Чер-чилльдің “Қауіпсіздік үшін төлеу керек, ал оның жоқтығы үшін де төлеу керек”, деген сөзі еске тү-седі.

Ғалия САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық өнеркәсіп қауіпсіздігі департаменті қазандық, шаруашылықтар және көтергіш құрылыстар объектілерін мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp