Маңызды кездесу
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Эстонияның Қазақстандағы елшісі Яап Орамен кездесіп, екітараптық әңгіме барысында ынтымақтастықтың маңызды мәселелері талқыланды. Қос ел арасындағы әріптестікті дамыту жөніндегі пікірлер ортаға салынды. Өңірді Эстонияның цифрландыру және инновация саласындағы тәжірибесі мен жетістіктері қызықтырады. Сонымен қатар теңіз портының халықаралық сауда, көлік логистикасын дамыту бағытындағы мүмкіндіктері айтылды. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.