Асық атудан Әлем кубогында Қазақстан құрамасы топ жарды. Түркияның Анкара қаласында өткен додаға 10 елден 60-қа жуық спортшы қатысты.
Отандастарымыз жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Қатысқан 6 спортшының 5-еуі алтын, 1-еуі күміс иеленді. Алтыннан алқа таққандар арасында солтүстікқазақстандық бесасықшы Камила Сексембай да бар. Жаттықтырушы Ағжан Сұрағановтың айтуынша, Камиланы алда тағы бір маңызды дода – Азия біріншілігі күтіп тұр.
Самрат ҚҰСКЕНОВ,
“Soltüstık Qazaqstan”.