«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІРТУАР БЕЙІМБЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында көрнекті жазушы, қазақ прозасының негізін қалаушы Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына арналған “Халық үшін туған талант” атты еске алу шарасы өтті.

Бейімбет Майлин ХХ ғасыр­дың басындағы терең толқулар мен тартысқа толы төңкеріс­тер­дің шындығын, тұрмыстың ауыр­лығын, тағдырдың тауқыметін көркем тілмен жаза білді. Жазу­шының кейіпкерлерінің барлығы өмірден алынған, туындылары шы­найы оқиғаға негізделген. Қа­ламгер шығармаларына Қос­та­най атырабы, арнасы толған Тор­ғай, Тобылдың тасасы мен ағысы баяу Аят өзені жағалауына қон­ған жұрттың тіршілігі арқау болды.

Шараға қатысқан меймандар қаламгер өміріне терең бойлады. Журналист Өмір Есқали асыл тұл­ғаның сауатсыздықты жою ұраны жайлы әңгімелеп, 1929 жылы жа­рық көрген “Сауаттылығы тө­мен­дерге арналған оқу кітабы”, 1930 жылы баспадан шыққан “Күш” – сауаттылығы төмендерге ар­налған оқулық” туындыларының мазмұнымен таныстырды. Жа­зу­шының көркемсөздің зергері Ға­бит Мүсіреповпен бірге “Сауат­сыздарға арналған әліппені” жаз­ғаны сөз болды.

Ғабең бір естелігінде: “…Бейімбеттің “Қазақ қызы”, “Қы­зыл жалау” дейтін романдарын қа­тарға қоса алмадым…” деп өкінген екен. Жазушының қиын-қыстау жылдары кім көрінгеннің қолында кеткен туындылары аз емес. Шара қонақтары: “оларды зерттеу, қаламгер өміріне терең үңілу бейімбеттанушылардың негізгі міндеті” деген ой түйді.

Жиын соңында зиялы қауым өкілдері мен М.Жұмабаев атын­дағы жоғары колледждің сту­дент­тері “Талант тұлғасы” атты көрмемен танысты.

Құралай БАЗАРБЕКОВА,

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапхананың кітапханашысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp