«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мәселен, биыл жұмысқа ор­наласқан адамдардың саны – 1048, оның ішінде 715 адам тұ­рақты жұмыспен қамтылған. Жаңа жұмыс орындарын құру есебінен өнеркәсіпте – 26, құрылыста –15, ауыл шаруашы­лы­ғында – 179, кәсіпкерлік са­ласында 97 жұмыс орны ашыл­ды. Жұмыс берушілердің өті­нім­дері бо­йынша уәкілетті ор­ган арқылы 345 адам екі қолға бір күрек тапты. Қоғамдық ақы­лы жұ­мыстарға 174 адам жі­берілді. “Жастар тәжірибесі” бағ­дарла­масы бойынша жоға­ры және арнаулы орта оқу орын­дарын тамамдаған жас­тар арасынан 31 адам жұмысқа орналасты­рылды. Аудан бо­йын­ша экономикалық белсенді 8519 тұрғынға есептегенде тір­келген жұ­мыс­сыздық деңгейі 2,4 пайызды құрайды немесе 204 адам.

Жыл басынан бері тоғыз рет бос жұмыс орындары жәр­мең­ке­сі өткізіліп, оған 35 жұмыс бе­ру­ші қатысты. 505 бос жұмыс орны ұсы­нылып, 20 адам жұ­мыс­қа ор­на­ластырылды, 32 адам жұ­мыс­пен қамтудың бас­қа да бел­сен­ді шараларына жол­дама алды.

Рүстем Мұқашұлы аз қамтылған отбасыларды қолдау ны­сандарының бірі атаулы әлеу­­меттік көмек (АӘК) таға­йындау болып табылатынын атап өтті. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 45 отбасыға тағайындалып, 214 азаматқа 16,3 млн. теңге берілді. Жұ­мыс­пен қамтуға жәрдемдесу­дің белсенді шараларына қа­тысқан аз қам­тылған отбасы­ларға 7,7 млн. теңге теңге та­ғайындалып, 57 әлеуметтік келісімшарт жасалды. Отба­сы­ның өмірлік қиын жағдайдан шығуының жеке жос­пары шең­берінде 9 адам жұ­мысқа орна­ластырылды, 5 адам қоғамдық ақылы жұмысқа жіберілді, 1 грант рәсімделді.

Ауданда 490 мү­гедек адам тұрады, олардың 46-ы –16 жас­қа дейінгі балалар. 76 адамның есту, 52 адамның кө­ру қабілеті нашар. 53 адам ар­баға таңыл­ған, оның тоғызы – балалар. Жал­ғыз тұратын­дар – 46, оның 31-і – қарт, 15-і – мүгедек, оны­ның туысы жоқ. 25 зейнеткер және 3 мүге­дек жанға үйде кү­тім көрсетіле­ді, бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 22,9 млн. теңге бөлініп, 15,5 млн. теңгесі иге­рілді. Бұ­дан бөлек, 6 мүге­дек балаға үй­де қызмет көр­сеті­леді, оларға 2,3 млн. теңге қа­растырылған.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp