«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қарт майдангерге – марапат

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Нұра топтық су құбыры” ша­руашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кә­сіпорны “Есіл су” филиалының мамандары Ұлы Отан соғысы­ның ардагері Василий Макиенко­мен кездесті. Шараға алдыңғы толқын өкілдері де қатысты. Жиын барысында облыстық ар­дагерлер кеңесінің төрағасы Ес­кендір Елеусізов Василий Ва­сильевичке “Беларусьтің фашис­тік басқыншылардан азат етілге­ніне – 80 жыл” медалін және Бе­ларусь басшысы Александр Лу­кашенконың құттықтау хатын табыстады.

– Құрметті Василий Ва­сильевич! Сізді Беларусьтің фашистік басқыншылардан азат етілгеніне 80 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл ме­реке Беларусь мемлекетінің мыз­ғымастығын бейнелейді. Сіздің бейбіт заманның орнауы жолын­дағы ерлігіңіз жастарға үлгі. Ұй­қымыздың тыныштығы, жақын­да­рымыздың шат күлкісі, бейбіт өмір үшін сізге шексіз алғыс ай­тамыз, – делінген құттықтауда.

Шарада сөз алған Ескендір Есмақұлы облыстық ардагерлер кеңесі алдағы жылы тойланатын Жеңістің 80 жылдығына қызу дайындалып жатқанын атап өтті. Кеңес төрағасының орынбасары Анатолий Корабельников Беларусьті азат етуге байланысты оқи­ғаларға шолу жасады. Одан бөлек “Есіл су” кәсіпорны бас­тауыш ардагерлер ұйымының тө­рағасы Дулат Қалиев пен “Бе­ларусь” этномәдени орталы­ғын­ың жетекшісі Мария Татаренко сөз сөйледі.

Василий Макиенко 1926 жылы 24 қаңтарда Есіл ауданын­дағы Волошинка ауылында дү­ниеге келген. 1943 жылы 4 қа­зан­да Октябрь (қазіргі Шал ақын) аудандық әскери ко­миссариаты арқылы әскер қата­рына шақы­рылған. 3-ші Бела­русь майданы құрамында 163-гвардиялық ат­қыш­тар дивизия­сының 317-гвардиялық атқыш­тар полкінде жа­сақ командирі қызметін атқарды. 2-дәрежелі “Отан соғысы” орде­ні­­мен, “Кенигс­бергті алғаны үшін”, “Германия­ны жеңгені үшін”, “Тың жерлерді игергені үшін”, “Аста­наға 10 жыл” төсбел­гілерімен, ме­рейтойлық ме­даль­дармен мара­патталған. Ұзақ жыл­дар бойы “Есіл су” кә­сіпор­нында жұмыс іс­теген май­дангер бүгінде мекеме жанын­дағы ар­да­герлер ұйымы­ның мү­шесі.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген Шыңғысхан БЕКМҰРАТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp