ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШУГЕ НИЕТТІЛЕР КӨП
“TAUEKEL” ұйымының құрылғанына үш жылдан асты, содан бері ішкі-сыртқы көші-қон мәселелеріне белсенді түрде араласып келеміз. Бұл бағытта әжептәуір істің тындырылғанын өңірлерді жиі аралайтын іссапарлар барысынан-ақ аңғаруға болады. Бұл жолы шырайлы Шымкент жаққа барып қайттық. Қазақ тығыз қоныстанған Түркістан төріне ат оздыруымыз бірінші рет емес. Бұған дейін де Түркістан, Қызылорда, Тараз, Маңғыстау өлкелерін аралап, бір жағынан …