«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алқап толы алтын дән

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ел экономикасындағы елеулі салалардың бірі – агроөнеркәсіптік кешен. Төрт түлік бағып, жайқалтып егін егу атакәсіп болғандықтан, дәстүрлі шаруашылықтың дамуы ширақ. Топырағы құнарлы, жайлауы кең, шөбі шүйгін қазақ даласында ауыл шаруашылығын өркендетудің жолы сан алуан.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған биылғы Жолдауында “Алдымызда тағы бір өте маңызды міндет тұр. Біз агро­өнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасауымыз керек. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор”, – деген болатын. Әлемде көл-көсір кені мен шикізаты, өзен-көлі мен кең даласы біздікіндей болма­са да жерге соқа салып-ақ алдыңғы қатарға шыққан елдер көп. Жер ре­сурсы бай Қазақстанда да шаруа­шы­лықты дамыту арқылы халық та­бысын арттырудың мүмкіндігі мол. Саладағы күрделі мәселелерді шешіп, әртараптандыруды қолға алу арқылы жалпы ішкі өнімдегі ауыл шаруашылығының үлесін бү­гінгіден де қомақты етуге болады.

Елдегі аграрлық саланың ба­сым бағыты – өсімдік шаруашы­лығы. Аталған сала қаратопырақты солтүстік өңірлерде жақсы дамы­ған. Қатал климатқа қарамастан мұн­дағы облыстарда дәнді, майлы, бұршақты дақылдардан мол өнім алуға болады. Соның арқасында Қазақстан бидайдың әлемдегі ең ірі экспортшыларының біріне айнал­ды.

Аталған жетістіктердің бәрі сол­түстікқазақстандық шаруа­ларға да ортақ. Әсіресе, биыл мол өнімге ке­неліп, күткендегі­ден көп астық ор­ған серіктестік­тер көп. Облыстық ауыл шаруа­шылығы және жер қатынастары басқарма­сы­ның баспасөз хат­шысы Анаста­сия Харламова­ның сөзінше, 3,3 млн. гектар жер­ден жиналған дәнді дақыл­дар­дың орташа өнімділігі гек­тарынан 18,6 центнерден айнал­ған. Өт­кен жылы бұл көрсеткіш 10 гек­тар­­дың айналасында бол­ған екен. Өткен жылы қамбаға 3,5 млн. тонна астық құйылса, биыл­­­ғы өнім 6 миллионнан аса­ды. Ел бо­йынша жиналған 24 млн. тонна дәнді дақылдың төрт­­тен бірі Қызылжар дала­сын­да өскен.

– Күзгі жиын-терім қорытын­ды­сы бойынша мақтанатын көрсет­кіш­тер аз емес. Жекеле­ген шаруа­шы­лықтарда өнімді­лік әлдеқайда жоғары. Мысалы Тимирязев ауда­нын­дағы “Baite­rek SK” серіктес­ті­гін­­де гектары­нан 30,1, Ақ­қайыңдағы “Си­маргл” серіктес­тігінде 39,2, Мам­люттегі “Рус­лан” қожалы­ғын­да 40, Айыр­тау­дағы “Шан­гал” се­ріктестігінде 50 центнер­ден өнім алынған, – дейді Анас­та­сия Харламова.

Жылдағы маңызды науқан­ның Жамбыл ауданындағы көр­сеткіштері де жаман емес. Мұн­дағы алдыңғы қатарлы серік­тестіктерде гектар берекелігі 40 центнерден асады. Сондай аг­ро­құрылымдардың бірі – Баян ауылындағы “Ақ жер” серіктес­тігі. Серіктестікті ұзақ жылдар бойы басқарып келе жатқан Александр Хитровтың сөзінше, мұның бәрі тек қолайлы ауа райының арқасында мүмкін бо­лып отырған жетістік емес.

– Биыл 14 мың гектар жерге тұқым септік. 7,5 мың гектар жер­ден бидай, 3 мың гектардан рапс жинадық. 3,5 мың гектарды алып жат­қан күнбағыс алқапта­рында­ғы нә­тижелі жұмыс көңіл көнші­теді. Құрғақшылық жылда­ры биылғы жылмен салыстыр­ған­да екі, кейде үш есе аз өнім ала­тын­быз. Биыл бидайдың әр гек­та­рынан 42, рапстан 27, күн­бағыс­тан 26 центнерден өнім жи­нал­ды, – дейді Александр Хитров.

Серіктестік астықтың бір бөлі­гін өзінде сақтаса, қалғанын элеваторларға өткізіп жатыр. Бұған дейін Жамбыл ауданын­да­ғы Бауманға тасыса, бүгінде өнімді Тайынша қаласына жө­нелтуде. “Ақ жердің” алқапта­рын­да жұмыс істейтін техника да жаңа. Соңғы 7 жылда мұнда­ғы машина-трактор паркі тү­гел жаңарған. Жаңғыртуға бері­летін мемлекет субсидиясы ди­қанға зор демеу. Алайда мұнда­ғылар осымен шектеліп қалмай соңғы үлгідегі техника алуды жалғастырып келеді. Серіктес­тік­те жалпы саны 115 адам ең­бек етеді. Жұмысшылардың 60 пайызы Баян ауылының өз тұр­ғындары. Қалғандары Жамбыл ауданының басқа елді мекен­дерінен келіп жұмыс істейді. Ауылда қызметкерлерге арнап жатақхана мен асхана салын­ған. Жерін сеніп тапсырған се­ріктестікке ауылдағы ағайын­ның да көзқарасы түзу.

– Шаруаларға тек күннің шуа­ғы мен жаңбырдың тамшысына сеніп отыра беруге болмайды. Ауыл шаруашылығының сын-қа­тері көп. Егер бәрін тиімді ұйымдастырып, өзгелермен бір­дей адымдамасаң, көш соңын­да қалуың ғажап емес. Қазіргі заманауи техника, ғылым, қол­дау шаралары жоғары жетістік­терге жол ашып отыр. Тыңайт­қыш енгізуге, өсімдік аурулары­ның, арамшөптің алдын алуға көңіл бөлеміз. Дамыған агроқұ­ры­лымдар шаруашылық бары­сын климаттың жағдайлардан барынша тәуелсіз етуге тыры­суы керек. Бұрынғы тәсілдер­ден бас тартпай, ескі сүрлеумен жүруді қалайтындар үшін жұ­мыс істеу қиындай береді, – дей­ді Александар Андреевич.

Биылғы астықтың қанша­лықты мол екенін осындағы ком­байн тізгіндегендердің көрсеткі­шіне қарап-ақ бағамдай беруге болады. Мысалы “Ақ жер” серік­тестігінің бір механизаторы осы күн­ге дейін төрт жарым мың тон­на­ға жуық астық бастырып үл­гер­ген. Жұмысшылардың алатын ақшасы да жинаған өніміне бай­ланысты. Бүгінде күнбағыс ал­қа­бында комбайн тізгіндеген ме­ханизатордың жеке көрсет­кішін 5 мың тоннадан асыратын мүм­кіндігі бар.

– Осы ауылда туып, туған жерде еңбек ету бақыты бұйы­рыпты. Іс білетін кісіге ауылда да жоғары табыс табуға бола­ды. Күз басталғалы бері дәнді, майлы дақылдарды жинауға шықтым. Оқуымды аяқтағаннан кейін бірден осында жұмысқа тұрып, содан бері тер төгіп ке­лемін. Жиын-терім кезінде та­быс артады. Еңбегімізге қарай ақы аламыз. Бір механизатор­дың орташа кірісі 700-800 мың теңге, – дейді озат механизатор Дәурен Маратбеков.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp