«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Пара алған да, берген де сотталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айыртау аудандық білім бө­лі­мінің есепшісіне қатысты сот үкімі шықты. Облыстық сыбай­лас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мәліметінше, білім бө­лімінің бухгалтері өзінің және бөлім қызметкерлерінің жалақыларын негізсіз өсіру арқы­лы 4,5 млн. теңге бюджет қа­ражатын қалта­сына басқан. Сот­талушының кінәсі толық дә­лелденді. Ол тер­геу барысын­да мемлекетке келтірілген за­лалды толық кө­лемде өтеді.

Айыртау аудандық соты­ның үкімімен оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Экс-бухгалтер қаржы және мемле­кеттік ұйымдарда жауапты қызмет атқару құқығынан айырыл­ды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Петропавл қалалық соты Тайынша ауданы әкімінің орын­­басарын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысын пара ал­ғаны үшін соттады. Оларға пара берген жеке кәсіпкер де жазасыз қалмады.

Аудан әкімінің орынбасары және бөлім басшысы аудандық маңызы бар жолдарды ағым­да­ғы жөндеу бойынша орын­далған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 10 млн. теңге көлемінде пара ал­ған. Сот үкімімен аудан әкімінің орынбасары 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, ау­дандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы – 7 жылға, кәсіпкер – 3 жыл 6 айға сотталды. Соттал­ғандарға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқа­ру­ға өмір бойы тыйым са­лынды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp