«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ұлттық идеологияға оралуымыз керек

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Көш кері кетсе, ақсақ түйе жол бастайды” дегендей, қоғамда көп нәрсе кері кетіп жатыр. Халықтың ба­рометрі болған, қоғамның айна­сы – ақын-жазушылардың жағ­дайы мәз емес. Кері­сінше мән-мағынасы жоқ әндер мен халықтың санасын улап жат­қан, пәтуасыз шоулар мен нашар әншілер сахна­ны жаулап алды. Тұрмыстары да жаман емес. Біздің мәртебеміз оларға қарағанда төмендеп кетті. Со­дан кейін кәсіби жур­налистер та­сада қалып, блогер дегендер ақ­па­рат құралдарын жау­лап алды. Оларға ауыздық жоқ. Өтірік-шын­ды араластырып, жұрт­тың сана­сын улауда. Болсын-бол­масын, сенсация жасауға құмар. Айтқан­дары өтірік болып жатса да, жауап­қа тартылмайды.

Оқитын кітап көп, оқы­ла­тыны аз. Қа­­зір өлең жазудан кітап шы­ғару оңай бо­лып­ кетті. Сондай шы­ғарған кітабын сый­­­­лайтындар кө­бей­ді. Кейде уақыт шы­ғын­ қылмай, бұрынырақ жазылған кітап­тар­ды оқи­мын. Халық­­тың мінезі өзгерді. Төзімсіз, ашу­­шаң, қит етсе, кінәліні іздеу, өзі­нен өзгені жек көру сияқты мизан­­­тропиялық кезеңге өтіп кет­кен­дей­міз. Адамның адамға құр­меті, бауырдың бауырға деген­ ықы­ласы, баланың әке-шеше алдын­­дағы парызы тіптен төменгі дең­гей­­ге жет­кендігін байқаймыз. Жағ­дайды қалай түзейміз? Ме­нің ойымша жалғыз жол бар. Ол – ұлт­тық идеологияға оралу. Әлихан Бө­кейхан мен Ахмет Бай­тұр­сынұлы идеология негізін қалап кетті. Ен­дігі іздену, жаңа жолымызды ай­қын­­дау ғалымдарымыз бен ұлт зия­лыла­ры­на байланысты.

Ханбибі ЕСЕНҚАРАҚЫЗЫ,

ақын.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp