Өскеменде ұлттық лигада өнер көрсететін әйелдер командалары арасында волейболдан XXXIII Қазақстан чемпионатының бірінші туры басталған болатын.
Өзара бәсекеге түсіп, бас жүлдені сарапқа салатын он команданың бірі – қызылжарлық “Қуаныш” волейбол клубы Өскеменнің “Berel” командасымен алғашқы кездесуінде 1:3 есебімен жеңілді. Жерлестеріміз бірінші сетте жеңіске жеткенімен, бұл басымдықты одан әрі сақтай алмады.
Ал “Грация KZ” командасымен өткен ойын өте тартысты болғанына қарамастан, ә дегеннен жеңіс тізгінін уысынан шығармаған жерлестеріміз алғашқы ұпайын олжалады.
Бірінші турда командалар алты ойын өткізіп, оның қорытындысы бойынша “Жетісу” мен “Berel” командасы жеті ұпаймен топ бастады. Солтүстікқазақстандық бұрымдылар төрт ойында ұтып, екі ойында ұтылып, турнир кестесінде төртінші орында тұр.
Чемпионаттың екінші турда Өскеменде 4-11 желтоқсан аралығында жалғасады.
Диас АЯҒАН,
“Soltüstık Qazaqstan”.