«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғамдық көлік саны қысқаруы мүмкін

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда жолаушы тасымалдау қызметі қиындыққа тап болды. Биыл облыс және қала әкімдігімен әріптестік аясында 60 қосымша автобус сатып алынуы тиіс еді. Осы мақсатқа өңір бюджетінен 2 млрд. теңге бөлінді. Алайда көктемгі су тасқынына байланысты бұл қаражат басқа мақсатқа жұмсалып кеткен. Дегенмен автотасымалдаушылардың шығынын жабу үшін облыстық бюджеттен 2,7 млрд. теңге бөлініпті.

“Облыс және қала басшылығымен кездесуде тасымалдаушыларға мүмкіндігінше өз күштерімен автобус парктерін жаңалау ұсынылды. Егер жаңадан автобустар алынса, субсидиялауға қосымша қаржы бөлінетіндігі келісілді. Бұл тасымалдаушылардың шығынын және жаңа автобустардың лизингтік төлемдерін жабуға жәрдемдеседі. Қиындықтарға қарамастан, биыл тасымалдаушылар 31 автобус сатып алды. Бұған дейін берілген 2,7 млрд. теңге жыл соңына дейін барлық шығынды жабуға жетпейді. Осы жылдың шығынын жабу үшін әлі 650 млн. теңге және келер жылға 3,3 млрд. теңге қажет”, – дейді “Солтүстік Қазақстан облысының автокөлік одағы” қауымдастығының төрайымы Галина Семенова.

Жылды шығынсыз аяқтауға жетпей тұрған қаражат бөлінбесе, жолаушы тасымалдаушылар қала көшелерінде жүрген автобустар санын 50 пайызға қысқартпақ. Сондай-ақ Петропавл қалалық әкімдігі автобустарда тегін жүретін азаматтардың белгілі бір санаты үшін де келісілген қаражатты төлемей отырған көрінеді. Шығынға белшесінен батқан жолаушы тасымалдаушылар қалалық мәслихат депутаттарына да хат жазыпты. Ол хатқа сүйенсек, тасымалдаушылар жергілікті бюджеттен толық қаржыландырылмағандықтан жанар-жағармайды қарызға алуға мәжбүр. Салдарынан кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлей алмаулары мүмкін. Бұл қаладағы қалыпты жолаушы тасымалына кері әсер етпек.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Шыңғысхан БЕКМҰРАТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp