«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 19.11.2024

“АЛАТАУ СЕРІЛЕРІНІҢ” РУХТЫ ӘНДЕРІ

М. Қозыбаев атында­ғы Солтүстік Қазақ­стан университе­тінің залында дәстүрлі әндерді заман талабына сай орындап жүрген “Алатау серілері” тобының концерті өтті. Аталмыш іс-шара “TAUEKEL” көші-қон қоғамдық ұйымының ұйытқы болуымен ұйымдастырылды. Өнерлі жігіттердің рухты әндерін тыңдауға жиналған қызылжарлықтардың қатары қалың болды. Алатау баурайынан келген өнерпаздарға тіл жанашыры Жапар Төлегенов солтүстікқа­зақстандықтардың атынан риза­шы­лығын білдіріп, ақ батасын берді. “Боз жорға”, …

“АЛАТАУ СЕРІЛЕРІНІҢ” РУХТЫ ӘНДЕРІ Read More »

Ақтастың мақтанышы

Ақтас ауылдық кітапханасында тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяғанның 70 жасқа толған мерей-тойына арналған іс-шара ұйымдастырылды. Шараға қатысқан мектеп оқушылары жерлесіміздің ғылым жолымен танысып, еңбектері туралы ой бөлісті. Бүркітбай Ғелманұлы 1954 жы­лы Есіл ауданындағы Ақтас ауы­лында дүниеге келген. 1979 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін тамамдағаннан кейін жоғары білім беру саласында еңбек етті. …

Ақтастың мақтанышы Read More »

Шаян аулағандар соты

Мамлют аудандық соты осы­дан бір жыл бұрын “Artemia salina” шаяндарының жұмырт­қа­ларын браконьерлік жолмен аулады деп айыпталған алты солтүстікқазақстандыққа үкім шығарды. 2023 жылдың қыркүйегінде Токаревка ауылының маңында “ВАЗ-21214” автокөлігімен келе жатқан күдіктілер ұстал­ған. Олардан “Artemia salina” шаяндарының жұмыртқалары салынған 7 қап тәркіленген. Са­раптамаға сәйкес, келтірілген шы­ғын 1 миллион 700 мың тең­геден асқан. 22 мен 38 жас …

Шаян аулағандар соты Read More »

Көшіп кеткендер көп

Биылғы он ай ішінде өңірден 21 304 адам көшіп кеткен.  Көшіп кел­гендердің саны қоныс аудар­ғандардың орнын толтырмайды. Салдарынан өңір халқы  шама­мен 5,5 мың адамға азайды. Мұн­дай үрдіс еліміздің басқа өңір­лерінде де байқалып отыр. Ұлттық статистика бюросы­ның мәліметінше, көші-қон айы­рымында көшті Түркістан бастап тұр. Бұл өңір­ден биылғы қаңтар-қыркүйек ай­ларында 112143 адам көшіп кеткен. Келгендер саны – …

Көшіп кеткендер көп Read More »

ОТАНДЫҚ ТАРИХТЫҢ БІЛГІРІ

Есімі берісі республика, әрісі шетелге жақсы танымал ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, теңеп айтсақ, атағы­нан ат үркетін Бүркіт Ғелманұлы Аяған әлі сиясы кебе қоймаған “Қазақстан тәуелсіздігі – мен үшін бақыт. От пен жалын шарпыса да…” атты өмірбаяндық естелігін­де былай деп жазады: “Менің ес­телік кітабым бір адамның мақса­ты мен арманын, жүріп өткен өмі­рін сипаттайтын шығар? Бірақ …

ОТАНДЫҚ ТАРИХТЫҢ БІЛГІРІ Read More »

ӘКЕ ЖОЛЫН ҚУҒАН ҰЛ

“Зенченко және К” командиттік серіктестігінің бас директоры Геннадий Зенченко Қазақстанның Еңбек Ері атанды. Елімізге танымал кәсіпкер ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай өткен форумда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан “Отан” орденін қоса алды. Облыстық әкімдікте өткен салтанатты шарада жерлесімізді өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов, әріптестері мен достары құттықтады. “Геннадий Зенченко – ғұмырын ауыл шаруашылығы саласына арнаған әулеттің даңқты …

ӘКЕ ЖОЛЫН ҚУҒАН ҰЛ Read More »

Жауынгерлерге – жайлы ғимарат

Өңірімізге жұмыс сапарымен Ішкі істер министрінің орынбасары-Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-майор Аңсаған Балтабеков келді. Ол облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен бірге Петропавл қаласында орналасқан 6637 әскери бөлімінің жағдайымен танысып,  сарбаздардың тамақтанатын ас бөлмелерін тексерді. Сондай-ақ жауынгерлердің жатын орындары мен қолданатын қару-жарақтарының сапасы назарға алынды. Ішкі істер министрінің орын­ба­сары әскери бөлімнің жеке құ­рамымен кездесу өткізді. Кезде­су барысында …

Жауынгерлерге – жайлы ғимарат Read More »

Аралағаштықтарды алаңдатқан ахуал

Егемендіктің елең-алаң шағында тапшылық пен жоқшылыққа еріксіз тап болған талай елді мекен тұрғындары тұрмысқа жайлы жер іздеп, үдере көшкені, облыс, аудан орталықтарын, ірі кенттерді сағалағаны белгілі.  Бұл кезеңді  тәуелсіз мемлекет ретінде ірге көтерген Қазақстанның уақытша қиындығы, ұлттық рухани жаңғыруға бет алған қадамы, қалыптасу жолы деп түсінгендердің бірі – аралағаштықтар қиындыққа қарсы тұра алатын тас-түйін бекемдігінен, …

Аралағаштықтарды алаңдатқан ахуал Read More »