«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көшіп кеткендер көп

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биылғы он ай ішінде өңірден 21 304 адам көшіп кеткен.  Көшіп кел­гендердің саны қоныс аудар­ғандардың орнын толтырмайды. Салдарынан өңір халқы  шама­мен 5,5 мың адамға азайды. Мұн­дай үрдіс еліміздің басқа өңір­лерінде де байқалып отыр.

Ұлттық статистика бюросы­ның мәліметінше, көші-қон айы­рымында көшті Түркістан бастап тұр. Бұл өңір­ден биылғы қаңтар-қыркүйек ай­ларында 112143 адам көшіп кеткен. Келгендер саны – 91 мың­ға жуық. Айырмашылық – 21 мың­нан асады. Екінші орында – Жам­был ауданы. Бұл өңірден осы ара­лықта 55 500-ге жуық адам кө­шіп кетсе, 43 мың адам кері қоныс ау­дар­ған. Облыс халқы 12 500 адамға азайған. Жетісу мен Қы­зылорда облыстарында да биыл­ғы он айда өңір халқы шамамен 7,5 мың адамға азайып отыр.

Алматы, Маңғыстау облыста­рында және Астана, Алматы, Шым­кент қалаларында ғана халықтың көші-қонында оң өсім бар. Мәселен, Алматы облысынан қаңтар-қыркүйекте шамамен 103500 адам кетсе, керісінше 106500-ге жуық адам көшіп кел­ген. Маң­ғыс­тауда көшіп келуші­лер арқы­лы халық саны 1571 адамға өскен. Жалпы республика бойынша тұрғындар саны қоныс аударушы­лар есебінен 10182 тұрғынға кө­бейді. Соның ішінде ТМД елдері­нен 16 мыңнан астам адам келіп, 8 мыңға жуық адам көшіп кеткен. Басқа елдерден 4 мыңнан астам қоныс аударса, 2 300-дейі адам шетелге көшкен екен.

  Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp