«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шаян аулағандар соты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мамлют аудандық соты осы­дан бір жыл бұрын “Artemia salina” шаяндарының жұмырт­қа­ларын браконьерлік жолмен аулады деп айыпталған алты солтүстікқазақстандыққа үкім шығарды.

2023 жылдың қыркүйегінде Токаревка ауылының маңында “ВАЗ-21214” автокөлігімен келе жатқан күдіктілер ұстал­ған. Олардан “Artemia salina” шаяндарының жұмыртқалары салынған 7 қап тәркіленген. Са­раптамаға сәйкес, келтірілген шы­ғын 1 миллион 700 мың тең­геден асқан.

22 мен 38 жас аралығын­да­ғы алты ер адам сот алдында жа­­­уап берді. Олардың екеуіне үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, қал­ғандарының осындай мер­зім­ге бас бостандығы шектелді.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp