«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жауынгерлерге – жайлы ғимарат

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізге жұмыс сапарымен Ішкі істер министрінің орынбасары-Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-майор Аңсаған Балтабеков келді. Ол облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен бірге Петропавл қаласында орналасқан 6637 әскери бөлімінің жағдайымен танысып,  сарбаздардың тамақтанатын ас бөлмелерін тексерді. Сондай-ақ жауынгерлердің жатын орындары мен қолданатын қару-жарақтарының сапасы назарға алынды.

Ішкі істер министрінің орын­ба­сары әскери бөлімнің жеке құ­рамымен кездесу өткізді. Кезде­су барысында әскери қызмет­ші­лер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, сауалдарына жауап алды. Ішкі істер министрінің орын­басары әскерилердің жұмысына сәттілік тілеп, алдағы мін­деттерді нақтылады.

Сапар барысында Бас қол­бас­шы облыс орталығындағы Ұлт­­тық ұлан академиясының жаңа казармасының ашылуына қатысты. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхам­бетов пен Ұлттық ұланның “Ор­талық” өңірлік қол­басшылығының қолбасшысы Са­кентай Шекарбековте жиналған­дарды жаңа ғимараттың ашылуымен құт­тықтады.

– Бұл маңызды шара – әскерилеріміздің қызметі мен өміріне қолайлы жағдай жасауға деген жоғары деңгейдегі қамқорлық­тың белгісі. Заманауи казарма ғи­маратында жеке құрамның жай­лы орналасуына барлық жағдай жасалған. Кең әрі жарық жатын бөлмелер, жаттығу залдары мен демалыс бөлмелері ең жоғары стандарттарға сай жасақталған. Мұның бәрі ұлан сарбаздарының жауынгерлік дайындығын және рухын нығайтуға бағыттал­ған, – деп атап өтті өңір басшысы.

Маржан ТАЛАПКЕР,

Ұлттық ұлан академиясы баспасөз қызметінің бастығы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp