«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 21.11.2024

Жеке тұлғаға кірісі мен мүлкін декларациялау міндет емес

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында берген тапсырмалары аясында жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау мәселесі қаралды. Сондай-ақ отырыста еліміздің 5-ші уақыт белдеуіне көшуінің артықшылығы да күн тәртібіне шықты. Орынды ұсыныс орайын тапты Отырыста Қаржы министрі Мəди Тəкиев бүгінде алғашқы үш кезеңде жалпыға бірдей дек­ларациялау …

Жеке тұлғаға кірісі мен мүлкін декларациялау міндет емес Read More »

Техника тілін үйренуге құштар

Родион Фридрих– болашағын С.М.Киров атындағы зауытпен байланыстырған жас мамандар­дың бірі. Ол Б.Әшімов атындағы Пет­ро­­павл машина жасау және көлік кол­леджін электр жабдықтары са­ласы бойынша бітіргеннен кейін кә­сіпорында өндірістік тәжіри­бе­ден өткен. Озық технология­лар­ға негізделген өндірістік жұ­мыс ерекшеліктерімен тереңірек та­ны­сып, кәсіби шеберлігін арт­тыр­ған соң осында қалуға шешім қа­был­дады. Оның ұсынысын зауыт бас­шылығы қуана қабыл­дады. Бүгінде ол азаматтық өнімдер …

Техника тілін үйренуге құштар Read More »

Жел генераторы салынады

Өңірлік коммуникациялар қыз­метінде Есіл ауданының әкімі Ме­реке Мұхамедияровтың қаты­суы­мен баспасөз мәслихаты өтті. Ау­дан әкімі жыл басынан бері атқа­рылған жұмыстар тура­лы баян­дап, негізгі көрсеткіш­терге тоқталды. Шаруалар жалпы көлемі 300 мың гектарға жуық ал­қапқа дән сепкен. Аталған са­лада жалпы 85 серіктестік пен 163 қожалық жұмыс істейді. 10 ай­дың ішінде ауыл шаруашылы­ғы­ның жалпы өнім көлемі 56 млрд. теңгеге …

Жел генераторы салынады Read More »

Нәтижелі жобалар

Үстіміздегі жылы “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы тұрғындарға 11 миллионнан астам қызмет көрсеткен. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру стратегиясы аясында мемлекеттік корпорация цифрлық технологияларды белсенді түрде енгізу арқылы құжаттарды алу және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл процесін жеңілдетуде. Мемлекеттік корпорация мем­ле­кет­тік қызметтерді оңтайлан­дыруға және жақсартуға арналған цифрлық жобалар кешенін жүзеге асыруда. Өткен жылы құжаттан­дыру …

Нәтижелі жобалар Read More »

Онлайн қызмет

Енді қазақстандықтардың “eGov Mobile” қосымшасы арқылы әскери қызмет туралы деректерді алуға және жіберуге мүмкіндігі бар. Бұл “Цифрлық мәліметтер” сервисінің жаңартылуы арқасында мүмкін болды. Қосымшаның жаңартылған нұс­қа­сында екі жаңа цифрлық мәлі­мет қолжетімді: 1. Әскери қызметке шақыру ту­ралы ақпарат – азаматтың шақыру мәртебесі, сондай-ақ шақыру мер­зімі туралы толық деректер; 2. Әскери қызметке қатысуға қатысты мәліметтер – азаматтың …

Онлайн қызмет Read More »

“Жырыма барша жұртым құлақ салсын!”

Биыл “Дауылпаз баба – Қожаберген” атты об­лыстық шы­ғармашылық бай­қауы он­лайн форматта өтті. Бұл шара қазақ халқының даңқты жы­рауы әрі батыр Қожаберген Толыбай­ұлының өмі­рі мен мұ­расын өскелең ұр­пақ­қа таны­туға, олар­дың әде­биетке, поэ­зияға деген қызығу­шылығын оятуға, соны­мен қа­тар мемле­кеттік тілдің аясын кеңейтіп, көркем сөз өне­рін насихаттауға бағытталған. Байқауға аудандар мен об­лыс орталығындағы жалпы бі­лім беретін мектептердің 6-11 …

“Жырыма барша жұртым құлақ салсын!” Read More »

Ұлттық құндылық – ұрпаққа мұра

Облыс орталығындағы №5 орта мектепте ұлттық құндылық­тарды на­сихаттауға бағытталған “Біртұтас тәр­бие” бағдарламасы негізінде “Сынып мәдениеті” жоба­сы бойынша облыс­тық семинар өтті. Бұл іс-шараның бас­ты мақса­ты – жас ұрпақ бойына ұлт­тық құндылықтарды сіңіру және мек­тептегі тәрбие үдерісін заманауи та­лап­­тарға сай жаңа деңгейге көтеру. Іс-шараға еңбек өтілі 3-5 жылды құ­райт­ын директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қа­тысты. Семинардың мазмұнды …

Ұлттық құндылық – ұрпаққа мұра Read More »

Бағдарламаның аясы кеңейді

Қазақстанда халықаралық олим­пиадалар мен ғылыми жобалар же­ңімпаздарын қолдау бағытында ма­ңызды норма қабылданды. Енді же­ңімпаздар “Болашақ” халықара­лық стипендиясы бағдарламасы ая­сында бакалавриат деңгейінде білім алу мүмкіндігіне ие бола алады. Тек бағ­дарлама талаптарына сәйкес бо­луы керек. Бұл туралы Парламент Мәжі­лісі­нің депутаты Асхат Аймағам­бетов әлеуметтік желідегі жазбасын­да мә­лімдеді. Асхат Аймағамбетовтің айтуын­ша, бұл түзету – талантты жастарды қолдауға арналған маңызды …

Бағдарламаның аясы кеңейді Read More »

МЕМЛЕКЕТТІҢ ЗИЯТКЕРЛІК ӘЛЕУЕТІ

Адамзаттың алдыңғы қатарлы ақыл-ойы XXI ғасыр білім мен интеллект дәуірі болатындығын әлдеқашан айқындап қойған. Яғни, біз өмір сүріп отырған ғасырда мемлекеттің экономикасын, әлеуметтік әлеуетін, саясатын қоғамның болашақ дамуын интеллектуалды адами капитал айқындайтын болады. Мәселен, қазіргі таңда компания құны кә­сіпорын қызметкерлерінің адами капиталы­ның әлеуетімен өлшенеді. Мына ғажайып фактіге көңіл аударыңыз, компания құнының 75 пайызы оның қызметкерлерінің …

МЕМЛЕКЕТТІҢ ЗИЯТКЕРЛІК ӘЛЕУЕТІ Read More »

СТУДЕНТ ТӘЖІРИБЕДЕ ШЫҢДАЛАДЫ

Биылғы жылы университетте өткен сапа апталығының тақы­ры­бы дуальды оқытуға арналды. Бұл апта аясында уни­верситетте қазақ, орыс және ағылшын тіл­дерінде офлайн және қашықтық­тан 30-ға жуық іс-шара ұйымдас­тырыл­ды. Әрбір іс-шараның мақ­саты – білім сапасын арттыру, студент­тер­дің теориялық білімін тәжіри­бемен ұштастыру, сондай-ақ про­фессор-оқытушылар құра­мы­ның біліктілігін арттыру. Бұл шаралар арасында “дөңгелек үс­телдер”, ашық сабақтар, викто­риналар мен конференциялар болды. Мұн­дай …

СТУДЕНТ ТӘЖІРИБЕДЕ ШЫҢДАЛАДЫ Read More »

Шәкірттің жаққан шырағын

Өңірдің білім саласының “Алтын қорында” ұстаздар әулеті ретінде 40 отбасы тіркелген. Мұғалімдік жолды атадан балаға мирас етіп, бұл үрдісті бірнеше буыннан бері үзбей келе жатқандардың бірі – Рамазановтар әулеті. Бір шаңырақтан шыққан ұстаздардың саны 20-дан асады. Ал ортақ еңбек өтілі – 230 жыл шамасында. Ұстаз болуды қастерлі мін­дет санайтын әулеттің өкілі Сапар Рамазановтың бірінші мамандығы …

Шәкірттің жаққан шырағын Read More »

Фотоға түсіру — өнер

Мен бұл мақаламда барлық га­зет-журналда орны ерекше фото­журналистер жайында ой қозғау­ды жөн көріп отырмын. Иә, газеттің кез келген нөмірін суретсіз елесте­ту­дің өзі қиын. Облыстық басы­лым­да қызмет еткен қырық жыл­дан астам уақыт ішінде бірнеше фотожурналиспен бірге жұмыс іс­теудің, олармен сапарлас болу­дың сәті бұйырды. Өткен ғасыр­дың сексенінші жылдарынан бас­тап Еркебұлан Нұржанов, Генна­дий Гельфанд, Василий Шейкин, Иван Пасечный, …

Фотоға түсіру — өнер Read More »

КӘСІПКЕР МЕН МОНОПОЛИСТ АРАСЫНДА ШЕШІЛМЕГЕН МӘСЕЛЕ КӨП

Облыстық прокуратурада қада­ғалаушы орган мен кәсіпкерлер палатасының серіктестігі аясында кездесу өтті. Шараға қа­тысқан бизнес қауымдастық өкілдері монополистерге қатыс­ты өткір мәселелерді ортаға сал­ды. Жиынды ашқан облыс прокурорының бірінші орынбасары Абу-Али Саттар бизнесті қорғау ведомство жұмысының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. – Жыл басынан бері облыс­тық прокуратура басшылығы кә­сіпкерлермен 14 кездесу өткізіп, 80 өтінішті қарады. Біздің …

КӘСІПКЕР МЕН МОНОПОЛИСТ АРАСЫНДА ШЕШІЛМЕГЕН МӘСЕЛЕ КӨП Read More »

АНКАРАДАН АЛТЫНМЕН ОРАЛДЫ

9-16 қараша аралығында Түркияның астанасы Анкара қаласында асық спортынан әлем кубогы өткен болатын. Ел құрамасы сапында өнер көрсетіп, жеңіске жеткен солтүстікқазақстандық бес асықшы Камила Сексембайды жерлестері мен жақындары пойыздан күтіп алды. Камила 1997 жылы Аққайың ау­даны, Дайындық ауылында туған. 2016 жылдан бері бірнеше рет чемпион атанып, еліміздің құрама командасына алынды. Қазір ол Шал ақын ауданының …

АНКАРАДАН АЛТЫНМЕН ОРАЛДЫ Read More »

Үйде арақ сатқан

Облыстың учаскелік полицейлері жедел-алдын алу шарасы аясында заңсыз алкоголь сату фактісін анықтады. Тәртіп сақшыларына Есіл ауданындағы ауылдардың бі­рін­де әйелдің өз үйінде спирт­тік ішімдік сататыны туралы ақ­парат түскен. Мамандар тұр­ғынның үйінен құрамында спирті бар 497 литр өнім, яғни 687 бөтелке сыра және бес литр­лік 29 бөтелкеге құйылған лицензияланбаған арақ тәркіледі. Сонымен бірге акциз­дік маркасы жоқ 409 …

Үйде арақ сатқан Read More »

Мас күйде көлік жүргізген

Өңірде өткен демалыс күн­дері 10 мас жүргізуші ұсталды. Олар 7-8 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылмақ. Облыстық полиция департа­менті баспасөз қызметінің мәлі­ме­тінше, тәртіп сақшылары Пет­ропавлдағы орталық көшелердің қиылысында “ВАЗ-21070” авто­кө­лігін тоқтатқан. Көлікті 29 жас­тағы ер адам тізгіндепті. Оны тек­серген кезде спирттік ішімдіктің иісі шығып тұрған, алайда жүр­гізуші медициналық куәланды­ру­дан бас тартқан. “Тәжірибе көрсеткендей, адам­дардың көпшілігі демалыс …

Мас күйде көлік жүргізген Read More »

Қойшыбай ШӘНИЕВ: “БҰРЫНҒЫ САТИРАНЫ САҒЫНАМЫН”

– Қойшыбай Жаныбайұлы, сізді өңір халқы сатирик ре­тін­де таниды. Әр әзіліңізге ар­қау болған ауылдың күйбең тірлі­гін сізден артық ешкім білмей­тін шығар. Әріректе жүр­гізуші болдыңыз, шаруашы­лық­та ең­бек еттіңіз. Қара жұ­мыстан бас алмай жүріп, әзілдің отын қалай маздаттыңыз? – Мен мансап иесі болған емеспін, еңбек көрігінде шың­дал­ған адаммын. Өзің айтқан­дай, қырық жылдан астам жүргі­зуші, он жылдай шаруашылық …

Қойшыбай ШӘНИЕВ: “БҰРЫНҒЫ САТИРАНЫ САҒЫНАМЫН” Read More »

“Қордан бөлген ақшасы қолда кеткен…”

Баяғыда біреудің үйі өртеніп жатса, екінші біреу сол өртке қойының басын үйтіп жатыр дейді. “Аңқау елге арамза молда” болып, халықтың қайғысының үстінен пайда тауып жүргендер қазіргі қоғамда да бар. Онсыз да алаяқтарға алданып, тістей-тістей бармағы қажалған аңқау жұрттың бар сенгені қайырымдылық қорлары еді. Бірақ бүгінгі заманды жайлаған пайдакүнемдік бұл саланың да ішіне еніп үлгеріпті. Экран …

“Қордан бөлген ақшасы қолда кеткен…” Read More »

Басшының орнына бас маман қол қойған

Өңірде жыл басынан бері электрондық цифрлық қолтаңбаны заңсыз қолданудың 119 дерегі анықталды. Соның басым бөлігі Жамбыл ауданында тіркелген. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мәліметінше, биыл 29 қаңтар мен 16 ақпан аралығында ведомство “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы Жамбыл аудандық филиалының тіркеу және жер кадастры бөлімін тексерген. Нәтижесінде …

Басшының орнына бас маман қол қойған Read More »

ЖЕДЕЛ КӨМЕКТІ МЕҢГЕРМЕК

Облыстық балалар ауруханасында симуляциялық орталық ашылды. Онда қызметкерлер жедел көмек көрсету дағдыларын үйренеді. Мамандар орталықтағы манекендермен жаттығу арқылы адам өмірін сақтап қалудың амалдарын меңгеретін болады. – Біз әр қызметкерді өкпе-жүрек реанимациясы бойынша дайындықтан өткізіп, сертификаттар береміз. Бұл мамандардың аттестациясына да әсер етеді. Келер жылдан бастап біз өзге мекеме мамандары үшін оқытуды қолға аламыз. Балалармен жұмыс …

ЖЕДЕЛ КӨМЕКТІ МЕҢГЕРМЕК Read More »