«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІПКЕР МЕН МОНОПОЛИСТ АРАСЫНДА ШЕШІЛМЕГЕН МӘСЕЛЕ КӨП

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық прокуратурада қада­ғалаушы орган мен кәсіпкерлер палатасының серіктестігі аясында кездесу өтті. Шараға қа­тысқан бизнес қауымдастық өкілдері монополистерге қатыс­ты өткір мәселелерді ортаға сал­ды.

Жиынды ашқан облыс прокурорының бірінші орынбасары Абу-Али Саттар бизнесті қорғау ведомство жұмысының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

– Жыл басынан бері облыс­тық прокуратура басшылығы кә­сіпкерлермен 14 кездесу өткізіп, 80 өтінішті қарады. Біздің ықпа­лы­мызбен 300-ден астам кәсіп­кердің құқығы қорғалды. Кезде­су­лердің бәрінде көтерілетін ең өзекті мәселе монополистерге қатысты. Сондықтан да бұл жолғы жиынға “Севказэнерго­сбыт” акционерлік қоғамы өкіл­дерін арнайы шақырып отыр­мыз, – деді Абу-Али Саттар.

Бизнес өкілдері мен энерге­тиктердің арасындағы түсініс­пеу­шіліктің жылдан жылға шие­ле­нісіп келе жатқанын облыстық кәсіпкерлер палатасы басшысы­ның орынбасары Жеңіс Қазиев те айтты. Оның сөзінше, “Сев­каз­энергосбыт” серіктестігі 1200 кәсіпкерге жылу төлемдерін жал­пы сомасы 95 млн. теңгеге арт­тырып өрескел заң бұзу­шылыққа барған. Бұл жайт кәсіпкерлердің құқығын қорғау және жемқор­лық­пен күрес жөніндегі кеңесте қа­ра­лып, монополияға қарсы де­партамент монополисттің ісінің заңсыздығы мен қайта есептеу жүргізу керектігі туралы сотқа арыз түсірген. Аталған талап толық орындалып, төлем қайта есептелген екен.

– Ауылдағы бизнестің мүдде­сін қорғауда да мәселе бар. Ол сумен жабдықтауға қа­тысты. Заңнамаға сай кәсіпкер­лер су үшін бөлек санат бойын­ша төлем жасайды. Алайда ау­дандарда тұтынушылардың үш тобының орнына, тек екі топ: халық пен бюджеттік ұйымдар үшін ғана төлемдер қарастырылған. Палатаның облыстық прокурату­раға жүгінуінен кейін оң нәтиже шығып, бизнес өкілдері арнайы топ ретінде бөлек қарастырыла бастады. Бүгінге дейін 7 ауданда кәсіпкерлердің құқықтары қал­пына келтіріліп, төлемдер қайта есептелді. Қалған аудандардағы жұмыс жалғасып жатыр, – деді Жеңіс Қазиев.

Кездесуде талқыланған тағы бір тақырып – кәсіпкерлік нысандарын табиғи монополиялар субьектілерінің желісіне қосуда­ғы қиындықтар. Мұндағы келісім­шарттардың типтік шартқа сай еместігі, заңдағы ережелерді әртүрлі түсіндіру, тұтынушылардан артық төлем алу түсінбеуші­ліктер тудырып келеді. Онымен қоса өңірде ыстық су тұтынудың бекітілген нормалары да жоқ. Соның салдарынан “Севказ­энер­госбыт” серіктестігі тариф есептеудің ескі әдістерін қолда­нып келеді.

Тиімсіз тарифтен зардап шек­кен кәсіпкердің бірі – Елена Иг­натенко. Оның кеңсесі көппәтер­лі тұрғын үйдің бі­рін­ші қабатын­да орналасқан. Алайда жылу есептеу құрылғы­сының жоқты­ғынан әдеттегіден едәуір көп ақша төлеуге мәжбүр. Ауданы бірдей болса да жылу төлемдері көршілес пәтердегі­ден бірнеше есе қымбат болып шығады. Онымен қоса келісімшарт жасасар­да монополист әлдебір техникалық талаптар мен актілерді сұ­райды екен.

– Менде қосымша құрылыстар салынбаған. Жылуға қосатын ешқандай қосымша құрыл­ғы­лар мен бөлмелер жоқ. Сонда бізден қандай техникалық талап­тарды сұрап отыр? Біздің инже­нерлік желіміз ортақ. Сондықтан меншік туралы акт, сағаттық жүктеме туралы құжаттарды сұ­рауы артық. Энергетиктерге осы­ны дәлелдеу үшін мен негізсіз төлемдерді өтеуден бас тартып, сотқа жүгіндім. Онымен қоса Табиғи монополияларды реттеу комитетінен жағдайды түсіндіріп берулерін сұрадым. Ондағылар менікіндей нысандар үшін сағат­тық жүктеменің шектік деңгейі туралы заңда айтылмағанын жет­кізді, – дейді Елена Игнатенко.

Жақын күндері сот оң шешім шығарар деген үмітте. Ал жеке кәсіпкер Александр Ка­занцев бол­са кездесуге соттың шеші­мімен келіпті.

“Көпқабатты тұрғын үйдегі нысанның иесі тұрмыстық тұты­нушы саналады. Өйткені ол кон­доминимумның қатысушысы ретінде ортақ желілерді үлестік не­гізде пайдалана алады” делін­ген қыркүйек айындағы соттың шешімінде. Демек арыз түсіру­шінің жылу, электр энергиясын нысанды жылыту, жарықтандыру сияқты тұрмыстық мақсатта пайдаланып отырғаны анықтал­ған. Коммуналдық қызметті кә­сіп­керлік мақсатта пайдаланып, оның үстінен пайда көру ниеті бол­маған.

– Тарифтерді қалыптастыру бойынша ережеде бірінші және үшінші топқа жатпайтын заңды тұлға­лар екінші топқа жататыны көр­се­тілген. Ал заңды тұлға ретінде жұмыс істемейтін адвокат, но­тариус, медиатор, жеке сот орындаушылары тұтынушылар­дың екінші тобына кірмейді. Сон­дықтан олар тұрмыстық тұтыну­шылар санатына жатқызылады. Соған сай тариф те аталған санат бойынша есептелуі керек, – дейді кәсіпкер.

Кездесуде аталған түйткілді шешу бойынша бірқатар ұсы­ныс­тар айтылды. Оның біріншісі – заңды тұлға ретінде тіркелмей жұмыс істейтін кәсіпкерлерді та­рифтің бірінші тобына енгізу. Екін­шіден, мұндай нысандарға негізсіз та­лаптар қоймай, бір­кел­кі келісім­шарт жасасу туралы сөз болды. Сонымен қатар энерге­тик­терге төлем құжатын бірың­ғайландырып, есептеу құрылғы­ларындағы көрсет­кіштерді көр­сете отырып жасау ұсы­нылды. Есеп­теу құрыл­ғыла­рындағы ақ­па­рат­­ты алу күнін бел­гілеу, жылу та­ратудың нақты ал­горитмін құ­ру, ыстық су тұтыну­дың норма­сын бекіту, жылу мен ыстық суды есептеудің кестесін жариялау сынды ұсыныстар да жеткізілді.

Облыс прокурорының орын­ба­сары мамандарға соңғы бес жылда монополистермен арада туындаған қарама-қайшылықтар туралы сот актілерін талдауды тапсырды. Аталған талдау нәти­жесі бойынша нақты шешім қа­былданбақ. Ал Жеңіс Қазиев “Севказэнерго” басшысы қаты­сатын энергетикалық мәселелер бойынша кеңес беру орталы­ғының жұмысын жандандыруды ұсынды. Компанияның бас ди­ректоры аталған ұсынысты қол­дайтынын айтты.

Сағынгүл ІРГЕБАЕВА,

облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp