«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ұлттық құндылық – ұрпаққа мұра

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы №5 орта мектепте ұлттық құндылық­тарды на­сихаттауға бағытталған “Біртұтас тәр­бие” бағдарламасы негізінде “Сынып мәдениеті” жоба­сы бойынша облыс­тық семинар өтті. Бұл іс-шараның бас­ты мақса­ты – жас ұрпақ бойына ұлт­тық құндылықтарды сіңіру және мек­тептегі тәрбие үдерісін заманауи та­лап­­тарға сай жаңа деңгейге көтеру. Іс-шараға еңбек өтілі 3-5 жылды құ­райт­ын директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қа­тысты. Семинардың мазмұнды бағ­дарлама­сы қатысушылардың қызығушы­лығын арттырып, өзекті тақырып­тар­ды қамтыды. Қатысушыларға ұсы­нылған сынып сағаттары, пікірсайыс алаңдары мен тренингтер педагог­тардың кәсіби шеберлігін шыңдап, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Семинар барысында қаты­сушылар сынып мәдениетін қалыптастырудың негізгі қағидаларына тоқ­талып, өзекті мәселелерді талқыла­ды. Жиында оқушылардың бойында ұлттық рух пен азаматтық сана қа­лып­тастыру, тәрбие жұмысын за­ма­науи құралдар мен тәсілдер арқылы жетілдіру, педаго­гикалық тәжірибе ал­масу мен тиімді әдіс-тәсілдерді қол­дану мәселелері көтерілді.

Ұсынылған инновациялық әдістер мен тың идеялар мек­тептердегі тәр­бие жұмысына жаңа серпін берді. Бұл семинар ұлттық құндылықтарды оқу­шылардың са­насына сіңіру жолын­дағы маңыз­ды қадам екені сөзсіз. Қатысушылар өз мектептерінде қол­да­нуға бола­тын жаңа әдіс-тәсіл­дермен қару­ланып, ұлттық мұраға не­гізделген тәрбие жұмыстарын жаңа деңгейге көтеру жолын түсінді.

Іс-шараның қорытындысында пе­дагогтар бірлескен жұмыстың маңыз­ды­лығын атап өтіп, болашақта мұн­дай семинарлардың жиі өткізілуін және олардың тәжірибе ал­масу ала­ңы ретінде дамытылуын қолдай­тын­дықтарын жеткізді. Ұлттық құнды­лықтарды насихаттауда­ғы бұл қадам – ұрпақ тәрбиесіне қосылған зор үлес.

Айдын АМАНЖОЛОВА,

облыстық әдістемелік орталықтың әдіскері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp