«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕДЕЛ КӨМЕКТІ МЕҢГЕРМЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық балалар ауруханасында симуляциялық орталық ашылды. Онда қызметкерлер жедел көмек көрсету дағдыларын үйренеді. Мамандар орталықтағы манекендермен жаттығу арқылы адам өмірін сақтап қалудың амалдарын меңгеретін болады.

– Біз әр қызметкерді өкпе-жүрек реанимациясы бойынша дайындықтан өткізіп, сертификаттар береміз. Бұл мамандардың аттестациясына да әсер етеді. Келер жылдан бастап біз өзге мекеме мамандары үшін оқытуды қолға аламыз. Балалармен жұмыс істейтін мектеп, құқық қорғау қызметкерлеріне де алғашқы көмек көрсету жолдарын білген жөн, – дейді аурухананың бөлім меңгерушісі Данияр Бейсембаев.

Аталған орталықты ашу бір жыл уақытты қажет еткен. Осы уақыт ішінде арнайы орын жөндеуден өтіп, қажетті құрал-жабдықтар алынған. Нұсқаушылар оқудан өткен. Алдағы міндет – әр қызметкерді алғашқы жедел көмек көрсетуге үйрету.

– Балалар ауруханасында жиырма жылдан астам уақыт бойы еңбек етемін. Америкада мұның бәрі қалай жасалатынын зерттедік. Біздегі жедел көмекпен салыстырдық. Нәтижесінде көп нәрсе үйрендік. Бес жыл бұрынғы жұмыс тәсілі мен қазіргі көмек көрсету мүлде өзгерген. Енді озық тәжірибені өз жұмысымызға енгізетін боламыз, – дейді мейірбике Бағытжан Нұртазина.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp