«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жел генераторы салынады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірлік коммуникациялар қыз­метінде Есіл ауданының әкімі Ме­реке Мұхамедияровтың қаты­суы­мен баспасөз мәслихаты өтті. Ау­дан әкімі жыл басынан бері атқа­рылған жұмыстар тура­лы баян­дап, негізгі көрсеткіш­терге тоқталды.

Шаруалар жалпы көлемі 300 мың гектарға жуық ал­қапқа дән сепкен. Аталған са­лада жалпы 85 серіктестік пен 163 қожалық жұмыс істейді. 10 ай­дың ішінде ауыл шаруашылы­ғы­ның жалпы өнім көлемі 56 млрд. теңгеге жет­кен. Дәнді да­қылдар­дың береке­лігі гектарынан 21 цент­нерден айналып, 446 мың тонна астық жиналған. Ал гекта­рынан 12 цент­­нерден жинал­ған майлы дақыл­дардың кө­лемі – 67,5 мың тонна. Әртарап­тандыру нәтиже­сін­де соңғы 10 жылда май­лы дақыл­дар­дың егіс алқабы 9,1 мың гек­тарға ұл­ғайып, 58 мың гектар­ға жеткен. Биыл 219,5 мың гек­тар­дан астам алқапқа 18,3 мың тонна ты­ңайт­қыш енгізілді, бұл өт­кен жылмен салыстыр­ғанда 5 мың тон­наға артық.

Мал шаруашылығы сала­сын­да 50 серіктестік пен 87 қо­жалық бар. “Заградовское”, “Ильин­ское”, “Ебжанов және К” серік­тес­тік­терінде ірі қара саны 400-ден асса, “Грамлих” және “Крас­ный Си­биряк” серіктестік­тері жүз бас­қа шақталған. Нәти­жесінде 10 айда 7,1 мың тонна сүт сауыл­ған.

– Биыл тауарлы-сүт фермала­рын салу бойынша 2 жоба жү­зеге асты. Корнеевка ауылында­ғы “Атамекен-Агро-Корнеевка” се­­ріктестігі голштино-фриз тұ­қым­­ды 1300 басқа арналған фер­маның құрылысын аяқтады. Жоба құны – 11,7 млрд. теңге. Нә­тижесінде мұнда жылына 7,5 мың тонна сүт сауылып, 60 адам жұмыспен қамтылады. Тораңғұл ауылындағы “Азия-Тораңғұл” се­ріктестігі симментал тұқымды 800 бас ірі қараға арналған фер­ма салды. Мұнда 30 адам еңбек етуде. 4 мың тонна сүт өндіріле­ді. Биыл негізгі капиталға 19,4 млрд. теңге инвестиция құйыл­­ды. Оның жартысынан көбі ауыл ша­руашылығы сала­сына салынған, – деді Мереке Ті­леу­жан­­ұлы.

Аудандағы өндіріс кө­ле­мі – 6,2 млрд. теңге. Биыл мұн­да “Қы­зылжар Жолдары KZ” асфальт-бетон зауыты іске қосыл­ған. Құны 800 млн. теңге бола­тын жо­баның жылдық қуаттылы­ғы – 165 мың тонна. Ал 2025-2028 жылдары 27 жел генера­торын салу жоспарлан­ған. “Green Era com­pany” серік­тестігі жү­зеге асы­ратын жоба­ның құны – 3 млрд. теңге.

– Есіл ауданында 893 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Бөлшек саудада­ғы қаржы айналымы – 6 млрд. теңге. Биыл 6 кәсіпкерлік нысан ашылды. Келер жылы тағы 3 ны­сан ашу жоспарланған. “Даму” кәсіпкерлікті қолдау қоры 11 жо­баға жалпы көлемі 1 млрд. теңге қаржы бөлуді мақұлдады. Алды­мызда тұрған тағы бір міндет – жолдардың сапасын жақсарту. Аудандағы 505 километр жол­дың 138 километрі республика­лық ма­ңызға ие. Биыл облыстық және республикалық маңызы бар 60 ки­лометр жол жөнделді. 6 ауылдың көшелерінде тиісті жұ­мыстар жүр­гізілді, – деген аудан әкімі жол­дарды ретке келтіруде жауапсыз мердігерлердің ке­дергі келтіріп отырғанын айтты.

Аудан тұрғындары абат­тан­дыруға бір кісідей үлес қосып, 3 мың тонна қоқыс шығарылған. Бұл бағыттағы шараларға 10 тех­ника мен 3 мың адам жұмылды­рылған. 4 мың ағаш пен 670 түп тал егілген. Келер жылы Есілдегі гүлзарлардың көлемі екі есеге ұлғаяды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен елді ме­кендерді абаттандыру бойынша 58 меморандум жасалған.

Есілдегі 53 ауылдың 32-сінде сапалы ауызсу қолжетімді. 2,3 мың адам тұратын 21 ауыл құ­дық суын пайдаланып отыр. Биыл Но­воузенка, Жамбыл, Тон­кошу­ров­ка, Қарағаш, Қаратал ауыл­да­рында кешенді блок мо­дуль ор­на­туға 44 млн. теңге бө­лінген. Ау­дан әкімдігі құны 7,1 млрд. теңге болатын “Преснов” топтық су құ­бырын жаңғыртудың жобалық-сме­талық құжаттарын дайын­да­ған. Егер қаржы бөлінсе тағы 13 ел­ді мекенге ауызсу тартылады.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp