Үстіміздегі жылы “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы тұрғындарға 11 миллионнан астам қызмет көрсеткен. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру стратегиясы аясында мемлекеттік корпорация цифрлық технологияларды белсенді түрде енгізу арқылы құжаттарды алу және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл процесін жеңілдетуде.
Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметтерді оңтайландыруға және жақсартуға арналған цифрлық жобалар кешенін жүзеге асыруда. Өткен жылы құжаттандыру терминалы іске қосылды. Оның көмегімен Қазақстан тұрғындары төлқұжат пен жеке куәлікті алуға өтінішті 5 минут ішінде бере алады. Жыл басынан бері аталған қызмет түрін елу мыңнан астам азамат қолданып үлгерген.
Одан бөлек Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметті қашықтан алуға мүмкіндік беретін “ХҚКО” мобильді қосымшасын дамытуда. Бүгінгі таңда 79 қызмет қолжетімді, оның көмегімен 132 890 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, 400 181 рет ХҚКО операторлары бейнеқоңырау арқылы қоңырау шалған.
– Цифрландыру мемлекеттік қызметтің халыққа тез әрі қолжетімді болуына көмектеседі. Бүгінгі таңда көптеген процедуралар, соның ішінде төлқұжатқа өтініш беру бірнеше минутты алады. Біз қызметтерімізді одан әрі жаңартып, азаматтардың үмітін ақтайтын IT шешімдерді енгізуді жоспарлап отырмыз, – деді корпорацияның басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Мемлекеттік корпорацияның негізгі цифрлық шешімдерінің қатарына мыналар кіреді:
– жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры. Енді жер актісі мен техпаспорт бірыңғай кадастрлық паспортқа біріктіріліп, құжаттарды қарау уақыты бір жылдан 30 күнге дейін қысқартылды. Сондай-ақ, құжаттарды өңдеу кезеңдеріне онлайн-мониторинг жүргізу мүмкіндігі енгізілді;
– азаматтардың қауіпсіздігі үшін электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетке жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, өзгерту және тоқтату туралы хабарламаларды жіберуге арналған сервис әзірленді. Жыл басынан бері 5,7 миллионнан астам хабарлама жіберілді.
– цифрландыру аясында мемлекеттік корпорация әлеуметтік қорғау және еңбек саласындағы қызметтерді автоматтандыру бойынша жобаларды іске қосты;
– тағы өзге де шешімдер.
Мемлекеттік корпорация Қазақстанның әрбір тұрғыны кез келген уақытта және кез келген жерде қажетті қызметтерді ала алатындай цифрлық жобаларды дамыту бағытында жоспарлы жұмыстарды жүргізіп жатыр.
Анар ҚҰСАНОВА,
“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” акционерлік қоғамы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша PR менеджері.