Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығындағы республикалық маңызы бар “Янгуразовтың үйі” тарихи-мәдени ғимаратында болып, қалпына келтіру жұмыстарын тексерді. Басты міндет – ескерткіштің тарихи келбетін сақтау.
Жұмыстың әрбір кезеңінде зерттеулер мен мұрағаттық құжаттарға негізделген сәулеттік ерекшеліктер ескерілді. Бұл нысанның бастапқы келбетін барынша дәлдікпен қайта жасауға мүмкіндік береді. Қасбеттің түпнұсқа жазулары мен түстері бұрынғы қалпында сақталған.
Қайта жаңғыртудан кейін көне ғимарат мәдени орталыққа айналады. Осылайша Янгуразовтың үйі тұрғындардың көзайымына айналып, тұрғындар мен туристер оның сұлулығы мен өткен күннің белгісін тамашалай алады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.