«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мас күйде көлік жүргізген

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде өткен демалыс күн­дері 10 мас жүргізуші ұсталды. Олар 7-8 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылмақ.

Облыстық полиция департа­менті баспасөз қызметінің мәлі­ме­тінше, тәртіп сақшылары Пет­ропавлдағы орталық көшелердің қиылысында “ВАЗ-21070” авто­кө­лігін тоқтатқан. Көлікті 29 жас­тағы ер адам тізгіндепті. Оны тек­серген кезде спирттік ішімдіктің иісі шығып тұрған, алайда жүр­гізуші медициналық куәланды­ру­дан бас тартқан.

“Тәжірибе көрсеткендей, адам­дардың көпшілігі демалыс күндері спирттік ішімдік ішіп, кеш­ке жақын немесе түн ортасында көлік тізгініне отыруды әдетке ай­налдырған. Дәл осы уақытта по­лицейлер де жол-көлік оқиғала­рының алдын алу жұмысын кү­шей­теді. Жүргізуші медицина­лық куәландырудан бас тартқан жағдайда 15 тәулікке қамауға алы­нып, 8 жылға жүргізуші куә­лігінен айырылады”, – дейді об­лыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бас­қармасы бастығының орынбаса­ры Александр Розбах.

Жалпы биылғы 10 айдың ішін­де мас жүргізушілердің кі­нәсінен 18 жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан 1 адам мерт болған, 24 адам жарақат алыпты.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp