«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СТУДЕНТ ТӘЖІРИБЕДЕ ШЫҢДАЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биылғы жылы университетте өткен сапа апталығының тақы­ры­бы дуальды оқытуға арналды. Бұл апта аясында уни­верситетте қазақ, орыс және ағылшын тіл­дерінде офлайн және қашықтық­тан 30-ға жуық іс-шара ұйымдас­тырыл­ды. Әрбір іс-шараның мақ­саты – білім сапасын арттыру, студент­тер­дің теориялық білімін тәжіри­бемен ұштастыру, сондай-ақ про­фессор-оқытушылар құра­мы­ның біліктілігін арттыру. Бұл шаралар арасында “дөңгелек үс­телдер”, ашық сабақтар, викто­риналар мен конференциялар болды. Мұн­дай іс-шаралар сту­денттерге практикалық дағдылар­ды игеру­ге, жаңа білім алуы­на және өзде­рінің кәсіби әлеуетін дамытуға мүмкіндік берді.

Апталықтың маңызды ерекшелігі – Малайзия мен Польшадан келген шетелдік профессор­лардың қатысуымен өткен ашық дәрістер мен оқытушылар құра­мы­ның біліктілігін арттыру курстары. Бұл халықаралық тәжі­рибе студенттер үшін құнды. Ше­телдік мамандар мен ғалымдар өздері­нің тәжірибелерін, қа­зіргі білім беру жүйесінің жаһандық үрдіс­те­рі туралы ой-пікірлерімен бө­ліс­ті. Олар дуальды оқытудың тиімділігін, студенттердің практи­калық білімдерін арттырудың жолдарын талқылады.

Университетіміздің серіктестері болып табылатын Петро­павл қаласындағы кәсіпорындар мен білім беру ұйымдары бұл іс-шараларға белсене қатысып, өз тәжірибелерін студенттермен бө­лісті. Мәселен, аймақтық кәсіп­орындарда, мектептер мен колледждерде тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылып, дуальды оқы­ту жүйесі арқылы студенттер мен жұмыс берушілер арасында тікелей байланыс орнатылды.

Сондай-ақ сапа апталығында өңір мектептері мен колледж бас­шыларының қатысуымен ұйым­дастырылған диалог алаңдары өтті. Бұл алаңдарда дуальды оқы­ту, тағылымдама және жұмысқа орналастыру мәселелері кеңінен талқыланды. Жұмыс берушілер мен білім беру мекемелерінің өкіл­­дері өзара пікір алмасты, сол арқылы аймақтағы білім беру жүйесін жақсарту бағытында жаңа ұсыныстар мен шешімдер қабылданды. Бұл кездесулердің басты мақсаты – білім беру мен жұ­мыс нарығын байланыстыру, жас мамандарды сапалы даярлау.

Сапа апталығының қорытынды кезеңінде “Музыкалық пәндер” кафедрасы мен Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі “дөңгелек үстел” ұйымдастырды. Онда “Дуальды білім берудің не­гізгі принциптері мен мәселелері” тақырыбы талқыланды. Дуальды оқыту жүйесінің негізгі артық­шылықтары мен қазіргі білім беру жүйесіне оның ықпалы туралы пі­кірлер айтылды. Ермек Серке­баев атындағы өнер колледжінің қатысушылары өнер саласында дуальды білім берудің маңызды­лығын атап өтіп, осы жүйені енгізу арқылы шығармашылық ма­мандықтар бойынша білім беру сапасын арттыру мүмкіндіктері туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

Сапа апталығының нәтижесінде университетіміздегі дуальды оқыту жүйесі туралы көп ақ­парат пен тәжірибе жинақталды. Бұл іс-шаралар білім беру са­ласындағы жаңа бастамаларды іске асыруға бағытталған бірқа­тар маңызды қадамдарды жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Диана ХАЛИМОВА,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ медиа-орталығының бас редакторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp