«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Фотоға түсіру — өнер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мен бұл мақаламда барлық га­зет-журналда орны ерекше фото­журналистер жайында ой қозғау­ды жөн көріп отырмын. Иә, газеттің кез келген нөмірін суретсіз елесте­ту­дің өзі қиын. Облыстық басы­лым­да қызмет еткен қырық жыл­дан астам уақыт ішінде бірнеше фотожурналиспен бірге жұмыс іс­теудің, олармен сапарлас болу­дың сәті бұйырды. Өткен ғасыр­дың сексенінші жылдарынан бас­тап Еркебұлан Нұржанов, Генна­дий Гельфанд, Василий Шейкин, Иван Пасечный, Илья Катревич сияқты өз ісінің шеберлері – газеті­міздің жақсы безендіріліп, мазмұн­ды жарық көруіне өздерінің қомақ­ты үлестерін қосты. Осындай мық­ты фотожурналистер қатарына бү­гіндері жетпіс деген адам өміріндегі елеулі жасқа толып отырған Амангелді Бекмұратовты да қосуға болады. Есімі газеттің тұрақты оқыр­мандарына жақсы таныс. Жиырма жылға жуық уақыт облыс­тың бас басылымның әр санында оның фотосуреттері жарияланды.

Амангелді Рақымжанұлы 1954 жылы Қорған облысының Макуши­но қаласында туған. Бұл жаққа өт­кен ғасырдың отызын­шы жылда­рындағы қуғын-сүргін, нәубет кез­дері аталары қоныс аударған екен. Біздің кейіпкеріміз – әкесі Рақым­жан мен анасы Қаришаның сүт кен­жесі, он үшін­ші баласы. Отбасын­да­ғы кішкен­тайы ретінде ол ерке өскен. Бірақ еңбекке ерте арала­сып, ата-ана­сының тәрбиесін бо­йына сіңіре білген. Малсақ әке­сінің жанында жүріп, оның тері илеу, одан аяқ киім, түрлі бұйымдар жа­сау өне­рін бойына сіңіре білген. От­ба­сын­дағы барлық балалар өнер­ге жақын. Апасы Сақыпжамал Құ­са­йынова – қазақтың ұлттық дәс­түрін наси­хат­тау ісінде толайым же­тістіктерге жетіп, есімі облы­сы­­мыз­дан тыс­қары жерлерге мәш­һүр болған абзал ана. Оның қол­дан жасаған бұйымдары облыс­тық, респуб­ликалық көрмелерде жүлдегер атанған.

Мектепті ойдағыдай тамам­да­ған соң Әбекең Макушинода­ғы зооветеринарлық техникумға оқу­ға түседі. Одан зоотехник маман­ды­ғын алып шыққан жас жігіт Мәс­кеу қаласында әскери борышын өтеп қайтады. Оның бала кезіннен келе жатқан тағы бір ермегі – су­ретке түсіру бо­латын. Жазғы демалыс кезінде жұмыс істеп тапқан ақ­шасына алған фотоаппараты – оның сенімді серігі еді. Кейін Маку­шинодағы тұрмыстық қызмет көр­сету комбинатына фотограф бо­лып орналасады. Сонда жүріп су­ретке түсірудің қыр-сырын тере­ңірек үйренеді.

1978 жылы отбасымен ата­ме­кен­ге қоныс аударады. Елге орал­ған соң Солтүстік Қазақстан мал ша­руашылығы ғылыми-зерттеу инс­титутында қызмет ат­қарады. Тимирязев ауданында­ғы “Ле­нин­ский” кеңшары директорының орын­басары болғаны бар. 1982 жылы Бескөл ауылын­дағы “Маяк” газетіне фототілші болып жұмысқа орналасады. Осы басылымда он жыл еңбек етеді, өкінішке қарай қар­жылық тапшылыққа байланыс­ты фото­тілші лауазымы қысқарып қала­ды. 1997 жылы облыстық “Sol­tüstık Qazaqstan” газетінің фото­тілшісі қызметіне жариялан­ған конкурстан сүрінбей өтіп, қыз­метке қабылданады. Содан зей­нет жасына жеткенше өзінің шы­ғармашылық әлеуетін толық көр­сете отырып, басылымға адал еңбек етті. Облыс, қала әкім­дерінің Құрмет грамотасымен, Ал­ғыс хатымен марапат­талды. Об­лыс­тық тарихи-өлке­тану му­зейін­де өзінің жеке фотокөрмесін ұйым­дастырды.

– Амангелді ағаны мен өзім­нің ұстазым деп есептеймін. 2005 жы­лы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін “Soltüstık Qa­zaqstan” газетіне фотожурналист болып орналас­қан соң ол маған көп көмек көр­сет­ті. Суретке түсіру сырт көзге оңай болып көрінгенімен, оның өзіндік әдіс-тәсілдері жетерлік. Менің қол жеткізген жетістігімде оның қосқан үлесі мол деп есептеймін, – дейді бүгіндері Парламент Мәжілісінің фототілшісі болып қызмет істейтін Талғат Тәнібаев.

Амангелді Рақымжанұлы – өзі­нің адамгершілік қасиеттерімен, тапсырылған іске жауап­кер­шілік­пен қарауымен, еңбек­қорлығы­мен, достыққа адалдығымен, көп­шілдігімен ұжым мүшелері ара­сын­да құр­метке бө­лене біл­ген азамат. Оның тағы бір ерек­шелігі – сән­қойлығы, үсті-басын та­за ұстауға тырыса­тын­дығы. Өзіне ғана жарасатын сақал-мұртын бас­тырып, шашын ұстарамен ал­дыр­тып, әдемі киім киіп жүргенді ұна­та­ды. Шалба­рының қыры сынбай­ды, белбе­уіне дейін сәнді бола­тын.

Әбекең зейнетке шықса да ең­бектен қол үзген жоқ. Мұсылман­дықтың бес парызының бірі сана­латын қажылық сапарға барып кел­ді, бес мезгіл намазын қаза қылмай­ды. Биыл Бескөл ауылында тұр­ғызған жаңа үйі көктемгі алапат су тасқыны сал­дарынан тұруға жа­рам­сыз бо­лып қалды. Бірақ оған мойы­маған ол соңы жақсылықпен аяқталатына сенді. Сенімі ақта­лып, облыс орталығының “Бірлік” шағынауданында бой көтерген жеті жүз үйдің біреуі бұйырды. Ал­дымен тасқыннан аман сақтаған Алла Тағалаға, одан кейін осын­дай баспана беріп, қиындықтан құтқарғанына билік органдарына алғысы шексіз.

– Қазіргі журналистикада қыз­мет етіп жүргендер – еліне шын жаны ашитындар және болашақ­ты ойлаған азаматтар деп біле­мін. Со­ның ішінде фототілшілер­дің қазір түсірген суреті бүгінгі қоғам үшін аса маңызды емес шығар, бірақ олар еліміздің өшпес тарих қойна­уына енері сөзсіз. Қа­зір әрбір адам­ның қолында су­ретке түсіретін құрал бар, бірақ кә­сіби фототіл­шіні ешкім алмастыра алмайды. Се­бебі фотоға түсіру – өнер. Кері­сінше, техника дамыған сайын ше­бер фототіл­шілерге деген сұраныс да арта түседі, – дейді өзіне етене жақын кәсіп хақында ой тербеткен кейіп­керіміз.

Айтпақшы, Әбекеңнің ұлы Шың­ғысхан бүгіндері әке жолын жал­ғастырып, газетте фототілші болып қызмет атқарып жүр. Ұрпақ са­бақтастығы деген осы болар.

Зарап ҚҰСАЙЫНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp